22:17 Рухани-танымдық сүрлеулер |
ПЕЙІЛІ КЕҢНІҢ – НИЕТІ ТҮЗУ «Кең болсаң, кем болмайсың» дегендей, пейілді кеңге салған жөн. Пиғылы түзу, сараңдық танытпай, қолындағы бар мүмкіндікке таршылық етпейтін адам – қайырымды, бауырмал, кең көңіл, адал ниетті жомарт адам. Тоқпын деп тасымай, жоқпын деп жасымай шүкіршілік етіп жүрген адамның болашағы жарқын болады. Ал пейіл тарылса, дүниенің кеңдігінен келер пайда болмайды. Пейілі тарлар қытымыр, ниеті жаман, пиғылы бұзық, қара ниет, қызғаншақ болады. Дүниеқор, дүниеқоңыздан жақсылық шықпайды. Дүниеқұмарлық мінез – адамды жақсылыққа жетелемейді. Адам көңілі тасыса – көл, басылса – шөл болады. «Тарылмай тұрсаң көңіл әдемі, тарықпай жүрсең өмір әдемі» деген мақал ойыңда жүргені жақсы.
ЖІГІТТІҢ БАСТЫ ЖҰРТЫ Біз жігіттің үш жұрты жайында білеміз. Олар – өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты. Бірақ, басты жұртын ұмыт қалдырып кететініміз бар. ол – жігітті күндемейтін, сынамайтын, мінемейтін төртінші жұрттың аты – ол алаштың азаматы! Әр ұл алты алаштың азаматы болуы керек. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
|
| Всего комментариев: 0 | |
