08:33
Рухани-танымдық сүрлеулер

АШУ ДЕГЕН НЕ?

Ашу – адамның ішкі әлемі мен кескін-келбетін де өзгертіп жіберетін, ыза, реніш, т.б. пайда болатын күй.

Ашу, ыза, қаһар – жамандыққа жол бастар нағыз пәлелер. Ашу – әлсіздің қаруы.

Ашу – ақылдың жауы. Ашушаң адам – аурушаң адам.

Ашу шақыру – қысқа мерзімге ақымақ болу. Ақыл жұқарған жерде ақиқат та теріс айналады.

Ашу бауырдағы өт-запыранды асқазанға құйып, құсық әкеледі.

Ж.Баласағұн: «Ашу-ыза – ақымақтықтың белгісі» деген. Олай болса, ашуланған адамға дауыс көтерудің орнына өзің бір мезгіл дамыл табуды үйрен. Босқа ренжісіп, оны да, өзіңді де қинамағаның жөн.

Қандай жағдай болсын, бүгіліп келіп тұрған сөзді айтпай, сабыр сақтай білуді әдетке айналдыру керек.

Өмірде кешірілмейтін күнә мен кінә жоқ. Кімнің қателескенін ажыратудың керегі шамалы. Амалына өздері жауап береді.

Ашуланғанда өзіңе өзіңнің келудің бір жолы – жеке қалып, ән тыңдау, не серуендеп жүру, басқа іспен айналысып, ұмытуға тырысу.

Өрекпіген ашуға ақыл бөгет дегендей ашулану – жүйкеге салмақ, жүйке бұзылса, ұйқыны алмақ. Сондықтан да, ашуға қарсы қару – ақыл-парасат, шыдамдылық, төзімділік және сабырлылық.

Сабырлы, табанды адамның алмайтын қамалы болмайды, төзімділік сақтамаған, соқтығысып жүрген соң, жұмысы бір оңбайды.

Ашу қысса сабыр сақтап, күт артын.

Сабыр сыйлар мынадай көп сап алтын:

Ерте қартаймайсың;

Жақсылықтарға кенеліп, шапағаттарды көресің;

Қайырын алып өмірден, айналаңа мейір төгесің.

 

ЖҰҚАРҒАН ЖҮЙКЕНІҢ ЕМІ НЕ?

Адам жаны деген – ол сезім. Сезімнің, яғни жаныңның, көңіл күйдің беймаза емі – жұқарған жүйкенің емі – адамдардың бір-біріне деген ыстық ықыласы, пейілі, шынайы жақсы ниетті ілтипаты, ыжадағаты, қайырымды мөлдір мейірімі, мейірбандылығы, рақым-шапағаты, сезімді селт еткізер шарапаты, шын жүректен жасаған қасиетті қайырымдылығы.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 2 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: