08:30
Рухани-танымдық сүрлеулер

АРЛЫНЫҢ ІСІ

Тыныш жатып, көзін сатып, біреуден тіленбей, жанын қарманып, адал еңбекпен мал іздемек – ол арлы адамның ісі.

Сұрауын табаымын, қалацын табамын деп қорлықпенен өмір өткізгенше малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек қой...

Абайдың жиырма тоғызыншы қара сөзінен.

 

МҰРАТ ДЕГЕН НЕ?

Қоғамдық, адамгершілік, эстетикалық мұраттарды айтпағанның өзінде, мұрат деген – алға қойған мақсат, ол мақсатқа жету. Яғни, ол – арман, тілек, бір істі аяғына дейін орындау жолындағы түбегейлі, ойлы мақсат. Мысалы, басқаны айтпағанда жай ғана өмірде кездесер жол ақысы – жүру, көз ақысы – көру, мұрын ақысы – сезу, қол ақысы – алу, беру, достық ақысы – сену екені сияқты, қыз ақысы – кету, жол ақысы – жету, сауда ақысы – сату, көпір ақысы – өту, іс ақысы – біту, сабыр ақысы – жақсылық күту екенін т.с.с.

Мұрат жайлы Сырым шешен: «Дау мұраты – біту, саудагер мұраты – ұту, қыз мұраты – кету, жол мұраты – жету» деген екен.

Мұратқа жету деген «бақыт» ұғымымен төркіндес десе де болады. Алдыңа қойған мақсаттың орындауы – бақытқа жеткенің...

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 8 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: