23:32
Рухани-танымдық сүрлеулер

ЕҢ АСЫЛ АДАМ

Шәкәрім Құдайбердіұлы атамыз:

«Адамның ең асылы – қиянатсыз, ақ пейіл адам», - дейді.

Адамға жамандық ойлауды білмеу – Тәңірдің сыйы. Қиянатсыз өмір сүру – бақытты ғұмыр кешу. Себебі қиянат жасамасаң, ісің дамып, ілгерілейді, жолың сара, ашық айқындалып, жүрегің саф алтындай таза, рахатты күй кешіп, ұйқың тыныш болады. Олай болса, жақсылық етсең де, жамандық етсең де өзіңе келерін ұмытпа.

Қай кезде де адам өкпе, реніш, қиянатты пиғылдарды ойдан шығарып тастаған жөн болады.

Ақын ана Қымбат Әбілдақызы балаларға арнаған «Өзіңнен үйрен» деген өлеңінде былай жырлап, балаларға ақылын айтады:

Жақсы болу – өзіңнен,

Жаман болу – өзіңнен.

Өзіңе жаның ашыса,

Ой көрейін көзіңнен.

Жақсылық көрсең біреуден,

Мен қандаймын? – деп ойла.

Жамандық көрсең біреуден,

Мен қандаймын? – деп ойла.

Өзіңді-өзің қолыңа ал,

Өзіңде ақыл айнасы.

Ақылды жанға тиеді –

Өзіңді тану пайдасы.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 4 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: