08:28
Рухани-танымдық сүрлеулер

ОТБАСЫ ДЕГЕН НЕ?

Отбасы – ол сенің атаң-әжең, әкең-анаң, өзіңмен бірге туған бауырларың және бірге тұратын әкеңнің не ағаңның бауырлары.

Ал үйелмен – ол туыстардың біріккен жиынтығын білдіреді.

Отбасы – өміріңнің мәні, бақыттың, қуаныштың, шаттықтың қайнар көзі, таусылмас кені. Отбасы жақсылығының басты тірегі, бой жылытар жылуы, сарқылмас бұлағы, жарық шашар шырғаы, шаңырақ біткеннің ұйытқысы, бірінші кезекте – отанасы – әйел-жар.

Біле білгенге тұжырымдай айтсақ, үйдің іргесін шайқалтпайтын, іріткі дегенді байқатпайтын, татулықтың тірегі – ер, жүрегі – әйел, осы екеуін бірітірер тірегі – әже мен ана.

Осыларды былайша түйіндегеніміз жөн сияқты:

Бір шаңырақ астында:

Ата-әжең, әке-шешең, бауырлар боп, бірігіп,

Білер болсаң ақиқаты:

Түтініңді бір түтетер, ұйымдасқан үйлі-баран екенің.

Ойыңда боп, жолын ізде әр кезде,

Отбасыңның өмірлері тату-тәтті, бақытты боп өтерін!

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 6 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: