08:59
Рухани-танымдық сүрлеулер

ҚАБІЛЕТ ДЕГЕН НЕ?

Қабілет – адам бойына біткен іскерлік, бейімділік қасиет.

Қабілет деген – ол мызғымас ерік-жігер, сабырлылық сақтай білу, тұрақты мінез, ұшқыр қиял, беріле ойлау, қажымас қайрат сияқты адам бойына біткен жан қуаттарымен тығыз байланысты дарындылық, данышпандық белгісі.

Қабілеттілікке тән өлшемдер, ол – сезімтал-байқампаздық, ойлампаздылық, зеректі-зерделілік, алғыр, тапқыр, көрегендік, қырағылық, даналық, қиыннан қиыстырушылық, еркінділік, кез-келген ортаға бейімделе білулік сияқтылар.

Еңбек, қабілеттің кез келген түрін қалыптастырады. Іске жан-тәнімен беріліп, ащы тер төкпесе, адам бойындағы қабілет мән-маңызы жоқ, игілікке аспаған, жарық көрмеген, пайдасыз күйде қала береді. Қабілетті ырыққа көндіру, адамның өзіне байланысты.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 9 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: