09:03
Рухани-танымдық сүрлеулер

ПАРАСАТ ДЕГЕН НЕ?

Парасат – ол дариядай ақыл мен шалқыған ой, сана-сезім. Ол – ең киелі қасиет, адамның шын жүректі әділдігі, сенімі, ыстық ықыласы, мөлдір мейірімі, қасиеті қайырымдылығы. Сана – өзіңнің парасатың.

Парасатты адам ар-ұят, шындық, ізгілік, әділдік, обал-сауап, парыз сияқты адами қасиеттерді аттап өте алмайды. Өмірдің мәні – мансапта емес, адамға тән парасаттылықта. Парасатты адам – ақылды, зерделі, ойшаң, парықты, байсалды адам.

Ал ой мен сезімнен, тіл мен ділден кенде қалғандар, қуыс кеуде адамдар. Ондай құнарсыз құр көкіректі адамның өсеті де болмайды, үлгі болар қасиеті де болмайды. Олар ішкі әлсіздігін, жұтаңдығын сездірмеу үшін көзін алартып, сыртын суыққа салып, бедіреюді ғана біледі. Бұл – парасатсыздық. Парасатсыздық – қасірет.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 9 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: