08:59
Рухани-танымдық сүрлеулер

ЗИЯЛЫ ДЕП КІМДІ АЙТАМЫЗ?

Зиялы деп, бірінші кезекте, сыпайы, инабатты, әдепті, ізетті, білімді, тереңді адамды айтады. Сондай-ақ, зиялы деп – халықтың жоғын жоқтап, барын ұқсатып кәдеге асыра білетін кемел ойдың иесі – қайраткерді айтады. Зиялылар өз халқының саяси, экономикалық, әлеуметтік дамуына қызмет ететіндер.

Зиялы адамдар өмірде кездесетін небір әрекеттерді парасат тұрғысынан пайымдап, жан-жақты зерттеп, зерделеп, ой таразысынан өткізіп, жете тани біледі.

Зиялылар адамдармен ықыластана қарым-қатынас жасап, сыйласа біліп, қарапайым биязылығымен қатар, өз білгенін айналасындағыларға үйретуден жалықпай, ел мүддесіне немқұрайлы қарамай, жанкештілік көрсете білетін бюрократтыққа қаны қас, ар-ұяты жоғары, рухани тәрбиелі, адал, биік мәдениетті, парасат иесі атануға лайықтылар.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 16 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: