16:56
Рухани-танымдық сүрлеулер

ШҮКІРШІЛІК ДЕГЕН НЕ?

Шүкіршілік – ол барға қанағат, ынсап, нысап, таупық, салауат ету. Ол – қанағатсыздыққа, нәпсіге, ындынға, ашкөздікке, қойылар тосқауыл.

Қазақ «Қанағат – қарын тойғызар, қанағатсыздық – жалғыз атын сойғызар» деген.

Шүкіршілік адамға тән жақсы әдет, асыл қасиет.

Шүкіршілік ету – ол Құдайға тоба етіп, тәубе ету, ризашылық білдіру. Ол адамды күпірліктен сақтайды. Олардың марапаты артады.

«Тойсаң тоба қыл», «Нысап сайын – береке» деген мақалдар тегін айтыла салған сөз емес. Әрқайсысында үлкен мән жатыр.

Шүкіршілік – бүгінгі өміріңе сән, болашағыңа жарқын үміт беретін, құдіретті өз қолыңдағы қуатты қару.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 3 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: