22:52
Рухани-танымдық сүрлеулер

АДАЛ АДАМ ҚАНДАЙ АДАМ?

Тазалық таза мінез, адал ой, әділ жүректе ғана қонақтайды.

Адал адам – ешкімнің ала жібін аттамайтын, арамдықтан ада, ар-ожданы мөлдір, жаны да, ары да таза, өз ісіне шын берілген, сенімді қимыл жасайтын, адал жүректі, ақ ниетті, адамгершілігі жоғары, кімге болса да кіршіксіз қызмет ететін, әділдікке жүгінетін адам.

Адалдығыңа ешкім сый-сияпат бермейді, бірақ адалдықтың да қайтарымы бар. Ол – өзіңнің аман-есен, ой кірбіңінен ада болып, жақсы жүруің, тыныш ұйықтауың, өз ортаңда өзіңді бақытты сезінуің.

Өзің ешкімге жамандық жасамасаң, саған да ешкім жамандық жасай қоймас. Адал адам – шыншыл. Ал арам адам – тайқығыш, күншіл келеді.

Жүректен әділдік жоғалса, ниет бұзылса, мінезге мерездік араласса, адалдық пен тазалық айдалада адасып қалады. Осы ойларды былай тұжырымдағанымыз жөн сияқты:

Жөн білер шыншыл, әділ адам – шыңдағы биік шынар,

Ақ пейіл, адал адам – саф алтын, қастер тұтар тұмар.

Адал адам – арын ойлаған нағыз адам,

Дүниеге тоймаған ашкөз адам – надан адам.

Әркім-ақ үлкен әріппен жазылар Адам болуға ұмтылса. Еліне қарлығаштың қанатымен су сепкендей болса да, бойындағы жақсылығын жеткізуге, адал, ақ ниетті азамат болуға, халықтың қамқоры, қорғаны, қашанда қамшыл болуға ұмтылса ғой, шіркін!

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 11 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: