00:43 Рухани-танымдық сүрлеулер |
АДАМ БОЛУ ДЕГЕН НЕ? Адам болу – өмірдің ең ғажап, ең биік сатысы. Адам болу – өтірік айтпау, шыншыл, мейірімді, адал болу. Сондай-ақ, құлшына еңбек етіп, Отанды, елін сүю, әке-шешені қадірлеп-қошеметтеу, қастерлеп-қошеметтеу, қастерлеп-сыйлау, пір тұту. Ол – достарын, туыстарын құрметтеу, бағалау. Ол – атасы мен әжесіне жақсы істерімен танылған сүйікті немере бола білу. Жан-жақты, сергек ойлы, сезімтал жүректі, рухты, сәтсідіктерге мойымайтын жігерлі, түзу ниетті, қажымас қайсар, тынымсыз ойлы, қадір-қасиеті жоғары, анық жемісті еңбекке беріліп, халыққа қамқор іс істеп, өсиет болар өнеге қалдыруды, адамшылық танытуды парыз іспетті санаған адамды – үлкен әріппен жазылған нағыз АДАМ деу керек шығар. Мұның бәрінің қалыптасуы тәрбиеге байланысты. Тәрбие деген не? Тәрбие – адамды татулыққа, бірлікке, достыққа, бауырмалдыққа негіздей отырып, мұрат пен жоғары мақсаттың, асқақ арман мен шынайы тілектің, ойлы мүдденің орындалуына бағыттап отыру. Осы айтылған топтамалардағыны тұжырымдай келіп, адам – құл, ар – патша, адамгершілік білгенге – уәзір деген дұрыс болар. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
Всего комментариев: 0 | |