23:00
Рухани-танымдық сүрлеулер

АДАМГЕРШІЛІК ДЕГЕН НЕ?

Адамгершілік – қоғамдық талапқа сай өмірде ізгілікті, инабаттылықты білдірер моральдық ұғым.

Адамгершілік – асыл ізгі қасиет. Ол – ар-ождан, намыс, абырой, мінез және ұят шам да. Адамның өзгелерге жақсылық тілейтін жүрегі кең, ниеті аппақ мөлдірдей, бүкпесіз түзу, ойы сара, басқа да адами таза асыл қасиеттері көп болса, әр кез құрметтеледі.адамдармен шынайы, ықыласпен қарым-қатынас жасап, сыйласып, ниеттестік білдіріп, өз ісіңе, айналаңа  адал болу – адамгершіліктің биік шыңы.

Адамгершілігі зор адам – ер адам. Жөнімен аз сөйлеу де – абырой. Ал өшпенді, дықшыл кекшілдік, ашушаң-ызақорлық, кесапат атаулының қайнар-бастауы, азап шектірер көп қырлы құбылыс. Бұлармен қоса, табашыл күншілдік пен біреудің жақсылығын көре алмайтын іштарлық та жаман. «Іштарлық өзгені көздейді, өзіне тиерін білмейді» дейді халық. Бұлар адамгершілікке сыйыспайтын – жат әдеп. Адамгершіліктен айрылу – заманның ақырының келген күні десе де болады. Сондықтан да, өтірікті судай сапырып, сұм, алаяқ, қу, сайқал атанғанша сақ атануға тырысқан жөн.

Адамгершілігін жоғалтқан адам – надан. Оны жоғалтып, қайта тауып алатын зат емес, оны сақтай білген жөн.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 10 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: