10:41
Рухани-танымдық сүрлеулер

САНА ДЕГЕН НЕ?

Адамды өзге жаратылыс иелерінен дара ететін – тек сана. Сана – психиканың (жанның) ең жоғары түрі. Сана – ми қызметінің ажырамас бір бөлігі, тек адамға тән дара, ерекше қасиет.

Сана – өмірі бітпейтін, айнала беретін Ұлы шеңбер. Сананың төмен не жоғары болуы адамның иманының мықтылығына, жүрегінің тазалығына байланысты болады. Адам сана, ақыл-ойы арқылы дүниені танып-біліп, сырына қанығып отырады. Ұлтымыздың жан-жарасына айналып бара жатқан бүгінгі рухани кесапаттардың түп төркіні санада, сол сана қызметінің әлсіреуінде жатыр.

Жүсіпбек Аймауытов: «Саналы ұлт қалыптасу үшін арлы болуымыз керек. Өйткені, арсыз ұлт – тексіздікке, ал тексіздік – санасыздыққа алып келеді», - деген болатын.

Ой – қуатты қару. Ол – болмысты қалыптастырады. Игі іске ұмтылған адам, шапағатқа бөленеді.

Ой – жасампаздықтың анасы. Ой мен сана әркез қозғалыс пен даму үстінде болмаса, олар ортайып, өшіп те қалады. Сана топастанбауы керек. Ой түбінде жатқан сөзді қалың ұйқыға жіберместен, топастанудан сақтап, халық қажетіне жарайтындай етіп, сыртқа шығарып отырған жөн.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 12 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: