22:06
Рухани-танымдық сүрлеулер

ӨМІРДЕ БІР НӘРСЕДЕН ҮМІТ БОЛМАЙДЫ

Ол – көктемі мен жазы өтіп, жапырағы қуарған ағаштай, еңкіш тартып, ұрты солып, жанары жасаурап, басы қыраулап, құлақтары сыңарлап, жағы суалған кәрілік екен.

 

САБЫР ТҮБІ – САРЫ АЛТЫН

Сабыр – төзім, тағат, шыдам, дегбір, байсал. Сабыр – азамат санасы. Азаматтық сана. Сабыр барда қадір болады. Сабырлылық – ең асыл қасиет. Ол – шүкіршілік ету, қиындыққа мойымай, жақсылықтан үміт үзбеу. Төзімділік танытып, сбаырлылық сақтай білу – шын даналықтың символдары. Сабырлылық қажыр-қайратпен ұштасып, адам бойындағы ар-ұждан, ынсап сияқты қасиеттерге негіз болады.

Сабырсыздық – асығыстық. «Асыққан шайтан ісі» деп бекер айтылмаған.

Асығыстық – шайтан азығы.

Төзімділер – сабырлы, шыдамды, тағатынан танбайтын, ашу-ызаға бармайтын, адамдарды бос ренжітіп, салмақ салмайтын, дегбірі қашпайтын, салмақты, тұрақты мінезді байсалды жандар. Төзімділер дегеніне жетіп, төбеге, төрге шықса, төзімсіз адам төзімдінің қолы жеткен табыстарына қаныға отырып, қателіктерін кеш ұғады. Төзіммен сабыр сақтау, қасіретке де шыдау – әркімнің парызы.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Сабыр – иманның жартысы, «Сабыр еткен адам жеңіске жетеді» деген.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 23 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: