22:18
Рухани-танымдық сүрлеулер

БӘРІ ДЕ БІР ӨЗІҢЕ КЕЛЕДІ

Дүние айна тәрізді. Жасаған жақсылығың да, жамандығың да айнаға түскен сәуле тәрізді өзіңе, не болмаса ұрпағыңа айналып келеді. Халқымыз: «Жақсылық етсең де өзіңе, жамандық етсең де өзіңе», «Азар берсең кісіге, өзің де азар көресің» деген мақалдарды бекер айтпаған. Жамандыққа бейім адам түбінде өзін-өзі жазалайды. Болмаса ұрпағы жазаланады. Ал жақсылыққа бейім адамның көңіл күйі де, денсаулығы да жақсы болады. Жақсылықтың да, жамандықтың да қайтары бар. Құранда «Кімде-кім титтей жақсылық жасаса, оның сыйын алады, ал кімде-кім титтей жамандық жасаса, оның жазасын тартады» деген аяттар бар.

Мүмкіндігінше, қолдан келер жақсылықты жасауға не жетсін! Ақын әшірбай Есмырзаев болса:

Жақсылықтың жолында, жамандыққа ұрынсаң,

Құтылуың қиын ба, түз бетіңе бұрылсаң,

Сапқа қайта тұруың, қиын болар бәрінен,

Пайдаң үшін етпеттеп ми-батпаққа жығылсаң.

Сондай-ақ: талған шақта су сұрасаң тамыз деп,

Ол тамызса, білгін мәңгі қарыз деп.

Бір жақсылық еткен ізгі адамға,

Жүз жақсылық арқаланып бар іздеп, -

деген.

Сонымен қатар өмірде кездесетін алғыс және қарғыс бар. Қарғыс – аураны жарақаттап, тессе, ол адамға тіл, көз, ауру, бар жамандық үйір келеді. Ал алғыс – аураны қалыңдатып, кеудеге нұр құйып, бәле-жаланыжолатпай қорғайды. Бұлар ғылыми дәлелденген. Бұлар ойда болып, жақсыны мақтап, нашарды жақтап жүрген дұрыс болады.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 19 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: