22:27
Рухани-танымдық сүрлеулер

ТЕКТІЛІК ДЕГЕН НЕ?

Тектілік – адамға тән кісілік құндылық. Ол дегеніміз – ата-баба аруағын ардақтай білу, ата-ананың борышын ақтауға жан-тәнімен берілу, ағаны арқа тұту, сыйлау, ініге ілтипат, қыз баланы ерекше құрметтеу.

Текті адам – барынша қарапайым, жүзі жылы, мейірімді, сыпай, әдепті, инабатты, биязы мінезді, кешірімшіл, үлгілі, өнегелі адам.

Тектілердің ата-бабалары да құрметке ие болғандар.

Тектілік кездейсо қалыптаспайды. Текті адамға ата-бабасының жақсы қасиеттері, парасаттылық үлгісі, ділі, дүниетанымы рухани сабақтастықпен беріледі. Бұл қасиеттер ұрпақтан-ұрпаққа ділде сақталып жалғаса береді.

Тектілер – ұлттық мұрат жолында қызмет ететіндер, ел жүгін арқалағандар. Өз халқының асылы мен жасығын, жаманы мен жақсысысн парықтауға мән беретіндер. Ұлт тағдырына бей-жай қарамай, ұлт мүддесін көздеп, ұлты үшін бар қиындыққа төзе білетіндер.

Тексіздер – пендешіліктің, нәпсіқұмарлықтың, теріс жолдардың сан түрлі шырмауына шырмалып, салт-дәстүрді сыйламайды, айтқан сөзіне берік емес, біреуге жалтақтап, жарамсақтануды зор мәртебе санайды. Намыстан жұрдай болып, өз мәртебесін көтеру мақсатында әлеумет алдында ұлылар санатына қосылуға әрекетін аямайды, болмашы жетістігі болса, зорайта көрсетуге күш салады. Бұл, әрине, жасанды тектілік. Мұндай әрекеттермен нағыз шынайы тектілік қалыптаспайды.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 13 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: