11:23 Рухани-танымдық сүрлеулер |
РУХАНИ ТӘРБИЕ ДЕГЕН НЕ? Рухани тәрбие – ол адам бойындағы құдіретті күш – ар-ұят пен иман тазалығының қайнар бұлағының көзін ашу. Рухы жоғары адам – нағыз адам. Басымен емес, қарнымен ойланатын көкірегіне нан піскен кейбір дүниелілер, руханият шыңына ұшып шығар қыран бола алмайтынын біле тұра, ұлтымыздың ең нәзік буындары – рухани дүниені лайлап тастауды ар санамайды. Өмірдегі басты тұлға өзім деп сезінеді. Тап сондай бір байға бөлтірік шешен: «Арғымақ атта жал болмас, жабы келіп жалыменен теңесер. Ақиық ерде мал болмас, жаман келіп малыменен теңесер. Мен арғымақ болғанда, сен жабы емес пе едің? – жалыңмен теңесіп тұрсың-ау. Мен ақиық болғанда, сен бір жаман ез емес пе едің? Малыңмен теңесіп тұрсың-ау. Жабы арғымақ бола ма, жал біткенмен. Жаман жақсы бола ма, мал біткенмен» деген екен. Ақылға білім ұштасып, жымдасар болса, бақыт сол адамға келіп қонады, жеңістің бәрі соның қолында болады. Рухани байлықты ешқандай да дүние-ақша байлығымен алмастыру мүмкін емес. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
Всего комментариев: 0 | |