16:12 Рухани-танымдық сүрлеулер |
ҚАЗАҚТЫҢ ЫРЫМ мен ТЫЙЫМ ТЫЛСЫМДАРЫНЫҢ ӨМІРДЕ ӨЗ ОРЫНДАРЫ БАР Қыздарға төмендегідей әрекеттерге тыйым салынған: Ерді қорсынып, ойға келгенді істеуге, айтқан сөзін жүре тыңдауға, әдепсіз әрекеттерге итермелеп, зорлауға; Бойкүйез болуға; Шылым тартып, насыбай атуға, ішімдік ішуге; Шашын бос жіберіп, жаюға, отқа тастауға; Ішек тартып, таңдай қағуға; Тіліңді, ереніңді шығарып, тістеуге; Арызқой болуға; Сабырсыздық танытып, көршілермен қырғиқабақ болуға; Ерлі-зайыптылардың ішкі сырларын тірі жанға жаюға; Су бойы кешке қарай жын-шайтанның ойнайтын жері. Соны ескеріп, алакөлеңке су перісі қағып кетпеу үшін жекелеп суға баруға болмайтыны қыз-келіншектің ойында болғаны жөн. * * * Қыз-келіншектерге тән ырым-тыйым өсиет ретінде: Келіншегі еріне жердей болып, күң болуы керек, ері келіншегіне төбеңдегі көктей бола тұрып, құл болуы керек. Сонда ғана Алла оларға шатты өмір кешуді жазбақ. Әйелдің бақыты – ақыл-парасаты мен кемеңгерлік кемел ісінде, текті кісілігінде. Ашуды сабырға жеңдіріп, айнала шуақ шаша алатынын ескеріп, тексіз надандықпен өзімшілдікке, опасыз кещелікке салынба, еріңнің сезімінің азаймауын ойлап, оны шаршата көрме. Сенен ылғи жақсы сөздер есітетін болсын. Жаңа түскен келіннің пайымы мен парасатына, әулеттің ынтымақты тірлігі, суыспас сыйластығы, бірлік туының шаттана желбіреуі, отбасының ауызбіршілігінің сақталуы, жан тыныштығының орнауы тікелей байланысты екендігі бірінші кезекте ойда болсын. Келіншегінің жарына жұмақ нығметі екендігін ұмтушы болма. Келіншегі жарының жәннат нығметі бола біліп, оған азап шектірмеудің жолын іздейтін болсын. Келіншек үй болса, ері үйдің тірегі болу керек. Ішіп-жеуге ерің не әкелсе, соған қанағат қыл. Жоқты айтып шағым жасаудан аулақ бол. Жалпы ел алдына шыққанда қыз-келіншектердің етек-жеңі тыртиған, тізеден жоғары, иық пен жауырын түгелдей ашық, жалаңаш жерін көрсетіп, ашық дене бітімін бүкіл көпке жария етерлік киімдер киюі сөкеттік екендігі есте болуы керек. Әсіресе, келіншектің тәні тек күйеуіне ғана арналған аманат екенін ұмытушы болма. Жақсылыққа жақсылық жасағаның тез-ақ ұмытылып кетерін, ал жамандыққа жасаған жақсылығың оңайлықпен ұмыт болмайтынын жайлы әр кезде де ойыңда жүретін болсын. Жақсылығыңды міндет ұылушы болма. Үйіңнің қорғаушысы бола біл. Қазақ әйелінің қара орамал тартуы жаман ырым. Қара орамал салу – басына қайғылы күн шақыру белгісі болып табылады. Сондай-ақ, қара орамалды бас иесінен айрылып, жесір қалған әйел ғана тартады. Оны қазақта «қаралы әйел» деп атаған. Күйеуінің жылын өткізген соң ғана, киген қара киімдерін, орамалын тастайды. Таза әрі пәк болуға мән бер. Әр нәрсе таза, өз орнында тұруына көңіл бөл. Дәретіңе жеңіл қарама. Тамақ жасарда тазалықты сақтап, шашыңның тамаққа араласып кетпеуін қадағалайтын бол. Нәрестені емізер алдында да дәрет алғанның сауабы зор екенін біліп жүр. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
Всего комментариев: 0 | |