11:23 Рухани-танымдық сүрлеулер |
ҚАЗАҚТЫҢ ЫРЫМ мен ТЫЙЫМ ТЫЛСЫМДАРЫНЫҢ ӨМІРДЕ ӨЗ ОРЫНДАРЫ БАР Қыздарға төмендегідей әрекеттерге тыйым салынған: Жалғыздан-жалғыз қыдыруға; Жыртақтап күліп, сыпсыңдап сөйдеуге; Басқаларға қол тигізуге; Суық жүріс пен сумаң қылыққа; Шалқайып жатуға; Тамақты обырлана асауға; Ұятты мүшелерін ашып жүруге; Бұраңдап қылымсуға; Кісі алдында қасынуға, киім ауыстыруға; Салт-дәстүрден аттауға; Бейәдеп сөз айтып, босқа ғайбаттауға; Әдептен асып, орынсыз сөйлеуге; Тарс-тұрс епетейсіз жүріске; Тәкаппарланыпғ намысқа тиетіндей сыйқымазақтыққа жол беруге; Үлкендердің жолын кесіп, атын атауға; Қол тигізуге; Тіл тигізіп, беттен алып, төстен шауып, бет жыртысып, бажбаңдауға; Түнде суға жалғыз баруға; Қараңғыда киіз қағуға; Түнде кір жаюға, су бетін ашық қоюға; Жұма мен айт күндері кір жууға; Жат жыныстырлармен араласып жатуға; Күйеуге қашып тиюге; Қарқ-қарқ етіп, бар даусымен даурығып, жөнсіз күлуге; Адамдарды, жануарларды тебуге; Ескі сыпырғышты отқа жағуға; Есікті қатты жабуға; Қамырдан қуыршақ жасауға; Нанның үстіне басқа зат қоюға; Нанды қоқысқа төгуге; Жұрт көзінше керіліп, қасынуға; Шектен тыс сыланып жасануға; Киіп жүрген киімді бір күнде сан рет ауыстыруға; Ақ және қара орамал тартуға; Ақ орамал – жаулық, қара орамал – қайғы нышаны. Білетін бол! Орынсыз іске ұрынуға; Түкке тұрғысыз зат болса да, ұрлық-қарлыққа баруға; Жалқаулыққа салынып, ластануға жол беруге; Заттардың үйде, сондай-ақ, ретсіз әр жерде орынсыз шашылып жатуына жол беруге; Біреудің байлығына, дүние-мүлкіне сұқтануға; Үйіндегі бұйымдардың, ас-ауқаттың, мал-мүліктің, қаражаттың ысырабына жол беруге; Қызғаншақтыққа жол беріп, күншіл болуға; Тойымсыздыққа барып, жолдан шығуға; Өзгені күңдеуге; баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
Всего комментариев: 0 | |