11:11
Рухани-танымдық сүрлеулер

ҚАЗАҚТЫҢ ЫРЫМ мен ТЫЙЫМ ТЫЛСЫМДАРЫНЫҢ ӨМІРДЕ ӨЗ ОРЫНДАРЫ БАР

Қазақтың жазылмаған дала заңы бойынша жасөспірімдерге әбден құлаққа сіңісті болып, қалыптасып қалған мына төмендегі әрекеттерге тыйым салынған:

Менмендікке барып, өзімшіл әрекеттерге жол беруге;

Біреулерді алдап, арбауға;

Көрсеқызарлық пен нәпсіқұмарлыққа баруға;

Құдыққа, отқа түкіруге;

Оттан аттауға;

Отпен ойнап, шашуға;

Көкті жұлуға;

Күлді шашып, оны басуға;

Аяқ-киімді төрге шығаруға;

Нанды бір қолымен үзуге;

Нанды лақтыруға;

Нанның үстіне басқа зат қоюға;

Бас киіммен ойнауға;

Үйде ысқыруға;

Қолды төбеге қоюға;

Тізені құшақтап отыруға;

Таңдайды қағуға;

Табанды тартуға;

Үйге сыртпен кіруге;

Мойынға белбеу, жіп салуға;

Жер сабалап, тепкілеуге;

Құранды аттауға, оны жерге тастауға;

Намазды бұзуға;

Нанды лақтырып ойнауға;

Дастарқанды басып, аттауға;

Бақанды аттауға;

Кісіге мылтық сияқты қару кезенуге;

Адамға қаратып пышақ сұқтануға;

Аһлап, үһілеп беталды күрсінуге;

Кемтар адамға күлуге,

Киімнің жағасын басуға;

Бас киімді босағаға іліп, теріс қаратып киюге;

Аяқ киімді төрге шығарып қоюға;

Құдыққа түкіруге, суды бос сапыруға;

Шашты түнде жайып жүруге;

Түнде құдыққа барып су алуға;

Отқа су құюға, отпен ойнауға;

Күл-қоқыстарды басып, үстінен жүруге;

Ымыртта, күн шықпай күлді төгуге;

Кірдің суын жол үстіне төгуге;

Табалдырыққа шығып, басып тұруға;

Аққуды атуға;

Жас малдың тісін санауға;

Мал қоршауының үстіне шығуға;

Сүт сауатын шелекпен суға баруға;

Малдың жаңа шығып келе жатқан мүйізін қолмен сипауға;

Итті, итаяқты тебуге;

Көк шөпті беталды жұлуға;

Көкөрім шыбықты сындыруға;

Орманды беталды бүлдіруге;

Жерді өртеуге.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 14 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: