09:51 Рухани-танымдық сүрлеулер |
ҚАЗАҚТЫҢ ЫРЫМ мен ТЫЙЫМ ТЫЛСЫМДАРЫНЫҢ ӨМІРДЕ ӨЗ ОРЫНДАРЫ БАР Ата-бабалардан қалған төмендегідей амалдарды істеу күнә болғандықтан, олардан әркімнің де сақтануын талап етіп отырған. Олардың бастылары: Құбылаға қарап дәрет сындыру; жол үстінде тұрып дәрет сындыру, жолға, көшеге күл-қоқыс пен кір суын төгу, сақал-мұртты уақтылы түземеу; үй ішінде ит ұстау; жас төлді анасынан бөліп сату не ажыратып сою, бейітке төбесі жабық қорған жасау, нанды беталды ысырап ету, жерге тастау; нан қоқымын көріп тұрып басу; сүтті жерге төгу; торғай балапанын азаптау, өлтіру; өзін жоғары санау т.б. осы сияқтылар. * * * Қазақтың жазылмаған дала заңы бойынша жасөспірімдерге әбден құлаққа сіңісті болып, қалыптасып қалған мына төмендегі әрекеттерге тыйым салынған: Орынсыз ұрынуға, Ұрлық-қарлыққа; Ішімдік ішуге, шылым шегіп, насыбай атуға; Көрпенің аяғын тұйықтауға; Қазанды төңкеруге, Суды сапыруға; Үйде және қараңғыда тырнақ алуға; Бас киімді басуға; Арқанды, көсеуді, балтаны, аттың жүгенін аттауға; Бүйірі мен жағын таянуға; Талтайып отыруға; Кісіге қарап керіліп, ауызды ашып есінеуге; Кісінің үстінен аттап кетуге; Қызыл іңірде жатуға; Түске дейін ұйықтауға; Жарыса сөйлеуге; Ұрыс-керіске; Қараулық жасап, ысырапқа жол беруге; Рақымсыздық пен қатыгездікке; Жетім-жесірдің ақысын жеуге; Әдепсіз сөйлеуге, Кісіні қорлап, жәбірлеуге; Даладағы итке ожаумен апарып ас құюға; Киімді теріс айналдырып тастауға; Бейітті саусағыңмен шошайтып көрсетуге; Тәкаппарлық пен сайқымазақ жасауға; Айғай-сүреңге; Қызғаншақтық пен күншілдікке; баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
Всего комментариев: 0 | |