09:54 Рухани-танымдық сүрлеулер |
ҚАЗАҚТЫҢ ЫРЫМ мен ТЫЙЫМ ТЫЛСЫМДАРЫНЫҢ ӨМІРДЕ ӨЗ ОРЫНДАРЫ БАР Ата-бабалардан қалған төмендегідей амалдарды істеу күнә болғандықтан, олардан әркімнің де сақтануын талап етіп отырған. Олардың бастылары: емшектегі баланы ұру; әйел азғыру; адамдардың ақысын кезінде бермеу; біреудің сыртынан ғайбат айту, мазақтау, кемсіту; біреудің бақытсыздығына қуану; өлген адамның артынан кемшілігін айтып жамандау; ата-анаға тіл тигізу; адамды кінәсіз қорлап тілдеу, ұрыс-керіс жасап, сөгу, екі адамның арасына от салу, айтыс-тартысқа араласу; үйге рұқсатсыз кіру; көршіге тынышсыз болып, зиян тигізу; адамға жала жабу және жалған куәлік беру; жолды бұзып, көпірді алып тастау; уәдені бұзу, өтірік дос болу; ысырапқа жол беру, барға шүкіршілік етпеу, сараңдық жасау; басшының әділетсіздігі, екіжүзділікке салыну; басшыға мойынсынбай, тапсырмасын орындамау; құмар ойындарын ойнау; пара алу; ішімдік, доңыз еті, есірткі сияқтыларды сату, дүниеқұмарлық; сабыр сақтай алмау, өзіне қатысты жоққа араласу; өзін-өзі өлімге қию; Алладан біреуге жаманшылық тілеу; Құран оқылып жатқанда, өз ісімен болып, көңіл қоймау; еңбек етпей, жалқаулықпен жатып алу; Тәңірінің бұйрығында жоқ нәрсе, ер адамның әйел киімін, әйелдің еркек киімін киюі; әйелдердің тәні көрінетін жұқа көйлек киюі, омырауы мен жауырынын көрсетіп киінуі, кіндігін жарқыратып киім киюі; ер адамның алтын-күміс тағынуы, туыстық, басқа да жақындық байланысы жоқ ер мен әйелдің оңаша жерде қалуы; арам өлген малдың етін жеу; ұрланған затты біле тұрып сатып алу, мешіттің ішінде қатты есінеп, керілу; мешіттің ішінде қақырып-түкіріну; мешітке барғанда мұртын ширатып, қолдарын айқастырып, саусақтарын шытырлатып, мұрынын, тісін, құлағын шұқу сияқты әдепсіздік жасап отыру; намаз оқып жатқан адамның алдынан өту; Құран оқылып не уағыз айтылып жатқанда көңіл бөлместен өзара сөйлесіп отыру; азан шақырылып жатқанда, сәлем алып, сәлем беру; қасиетті нанға пышақ сүрту; баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
Всего комментариев: 0 | |