11:24 Рухани-танымдық сүрлеулер |
ҚАЗАҚТЫҢ ЫРЫМ мен ТЫЙЫМ ТЫЛСЫМДАРЫНЫҢ ӨМІРДЕ ӨЗ ОРЫНДАРЫ БАР Ішіне дұға жазылған тұмар тағу – түркілік дәстүр. Тұмар сөз – түркінің «тума иер» сөзінің кірігуінен пайда болған. Бұл туған жерді қадірлеп, қастерлеуден шыққан дәстүр. * * * Түнге қарай тағам біткеннің бетін ашық қалдырмау керектігін әркім де білуі тиіс. * * * Арам тиген нәрсені адалдау үшін, су болмай қалса, құм пайдаланылады. Үш рет сумен жуып, бір рет шаяды. * * * Күйеу бала қайын жұртында бас ұстамайды, бата бермейді, сүйекке түспейді. * * * Суға, желге қарсы, жол үстіне, күл-қоқысқа және елдің көзінше дәрет сындыруға болмайды. * * * Балалардың есінде болатын бір жағдай: әжетханаға сол аяқпен кіріп, оң аяқпен шығу керек. Әжетхана ішінде сәлем алып, сәлем беруге, бекер отыруға, газет оқуға, көп сөйлеуге болмайды. * * * Ішімдіктер құйылған ыдыс жеті рет жуылу керек. * * * Қазақ халқында қаңтар айында өсімдіктерде тіршілік тоқтап, өспейтінін ескеріп, ұрпақ та өспей, қаңтарылып қалуы мүмкін деп, қаңтар айында қыз ұзатуды, келін түсіруді дұрыс санамаған. * * * Ежелгі бабалар қой қозы науқаны аяқталмай, малды сатуға әрі сыйлауға тыйым салған. * * * Ай толған кезде ай сәулесі адамның барлық күш-қуатын алуға тырысатын көрінеді. * * * Ай сәулесінің сау адамды ауру етуге, тіпті өлімге алып барар күші бар екендігін де білгендіктен, ұйықтағанда ай сәулесінің бетке түспеуін, ай жарығында көп жүріп қалмауын үлкендер қадағалап отыруды әдетке айналдырып отырған. * * * Толған ай кезінде адамға әсер етерлік құбылыстардың болатынын ескеріп, наным-сенімге байланысты халықта төмендегідей көптеген ырымдар қалыптасқан: Жалаңбас далада жүрмеу; Айға ұзақ қарамау; Әсіресе жас нәрестенің бетіне ай сәулесін түсірмеу; Айға қарата саусақ шошайтпау; Айға қарап тұрып дәрет сындырмау. * * * Жаңа үйленгендерге берілетін неке суына қойылатын талап – ол өмірлерің қанттай тәтті болса да, тұздай ащы болса да, бір дәммен анттасып ішкен соң, серт бұзғанды тұз атады, дәм атады деп, неке суына міндетті түрде тұз бен қантты араластырып қосу * * * Ас атасы – нанды қасиетті санап, алыс сапарға жүріп бара жатқан адамға тістетіп алып, үйдің төріне іліп, сақтап қоятын ырым да бар. Оның сыры – тіс тиген нан үзілместен орнында тұрған болса, тісі тиген адам орнына оралмақ та, жазатйым жібі үзіліп түсетін болса, тісі тиген адамнан күдер үзуді меңзегені. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
Всего комментариев: 0 | |