22:14
Рухани-танымдық сүрлеулер

ҚАЗАҚТЫҢ ЫРЫМ мен ТЫЙЫМ ТЫЛСЫМДАРЫНЫҢ ӨМІРДЕ ӨЗ ОРЫНДАРЫ БАР

Нәрестені жұп жасында емшектен шығаруға тыйым салып, бір жарымнан үш жасқа дейін емізуді жөн санаған.

* * *

Бөбектің еңбектеуі кешіксе, оның бауырынан тағам толтырылған табақты өткізіп алу ырымы ойда болсын.

* * *

Баланың тісі шықпай кешіккен жағдайда, қойдың басын екі адам баланың төбесіне жақындата ұстап, басты екіге бөліп ырымдайтын болған.

* * *

Тіл шығуы кешіккен баланы, жаңа сойған қойдың тоқ ішегін немесе көтеншегімен нағашы апасының мойнына салып буындыра қылқындыру ырымы да өз нәтижесін береді деп сенген.

* * *

Аяғын апыл-тапыл жаңа басып келе жатқан сәбиді «ала жіпті аттама», «аяғыңды шалыс басып сүрінбе» деп, баланың жүріс-тұрысы, болмысы, болашағы, тұсауын кескен кісіге ұқсарын ойлап, елге сыйлы, абыройы асқан, жан-жақты жақсы әрекеттерімен ел аузына ілінген адамға кестірген.

* * *

Жас нәрестенің әрбір қызық мінезіне, тамақ ішкеніне, ет алып, бойының өскеніне, тағы да басқа ерекше қылықтарына ішек тартып таңырқау, таңдай қағып дабырлап, таңдану дұрыс саналмаған.

* * *

Бос бесікті тербетуге болмайтынын біліп жүр.

* * *

Біреуге бесігіңді сыйлап, сатушы болма.

* * *

Нәрестенің бетіне ай сәулесін түсірмеу керек.

* * *

Бесіктің бетін ашық тастау дұрыс болмайды.

* * *

Баланың нәжісін абайсыз басып кеткен болсаң, олжа күт.

* * *

Нәрестелердің бетіне күйе, далап жағу көз тиюден қорғамақ.

* * *

Жаңа түскен келіннің өз іш киімін тұңғышы дүниеге келгенше қысқартуын дұрыс санамаған.

* * *

Балалардың кішкентайынан тамақ ішердің алдында және тамақ ішіп болған соң қолын сүртіп, сумен тазалап жууға қалыптасуларын ата-ана қадағалауы керек екен.

* * *

Қол жуып болған соң, қолдың суын сілкуге болмайтыны ойда болсын. Орамалға сүртіну керек. Қол сүртетін орамалға ауызыңды сүртсең де, қарынып-түкіруге болмайды.

* * *

Табалдырықты басып тұратын баланың бойы өспей қалады.

* * *

Баланың басындағы екі орай, өскендегі екі некенің нышаны.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 41 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: