23:44
Рухани-танымдық сүрлеулер

ҚАЗАҚТЫҢ ЫРЫМ мен ТЫЙЫМ ТЫЛСЫМДАРЫНЫҢ ӨМІРДЕ ӨЗ ОРЫНДАРЫ БАР

Түсік тастамауды көздеп, екі қабат әйелдің етегін бүріп қояды.

* * *

Ылғи қыз туған әйелдің басынан жаңа туған нәрестенің «жолдасын» айналдырса, келесі сәби ұл болады деген де сенім бар екен.

* * *

Босанған әйелдің жеті күнге дейін су алу үшін құдыққа, бұлаққа, өзенге баруына, мал қораларына кіруге, сиыр сауып, қамыр илеуіне, жалпы қазан-ошаққа жақындауына, қараңғыда жарықсыз далаға шығуына рұқсат бермеген.

* * *

Өмірге келген нәрестенің суық жүрек, тас бауыр болмауы үшін, әйелдің босанған соң қырық күн бойы, суық суға қол салмауын, қандай да салқын затқа қол тигізбеуін қадағалап отырған.

* * *

Жаңа босанған әйел ішін қалпына келтіру үшін белін буып, тісті түсіп қалудан қорғау үшін, аузына маска ұстап, суық су ішпей, оған қол салмай, шашы түспеу үшін тас қылып өріп тастау ырымын ұстанғаннан жамандық көрмейтін шығар.

* * *

Қалжа жемеген әйелдің баласы ынжық, жасық, икемсіз-болбыр, езбе, күйрек, бозөкпе, тауансыз болып өседі. Сондықтан жаңа босанған әйелге арнап, ақ тілеу айтып, қой сойып, қалжа жегізу керек.

* * *

Нәрестелі әйелге дәметкен асынан ауыз тигізген дұрыс. Олай болмаған жағдайда, ол әйелдің емшегі ісіп кетеді.

* * *

Бала шашалып, қолқасы қабынып қалмауын көздеп, сөйлеместен қалқалап отырып, омырауын бөгде адамға көрсетпей емізуді ұсынған.

* * *

Әжелер нәрестені қырқынан шыққанша, тұзға жиі шомылдырып, бөгде адамдарға көрсетпей, шашын да, тырнағын да алмау әдетін ұстанған.

* * *

Нәрестенің кіндігі қатпай, түнде күл шығармаған, жалпы ымыртта күл төгілмеген.

* * *

Жас сәбиді қырқынан шығарғанда күміс салынан суға шомылдыра отырып, «Отыз омыртқаң бекісін, қырық қабырғаң қатсын», - деп тілек айтқан.

* * *

Қырқынан шыққан соң, балаға суық тимей, таза жатуы үшін бесікке бөлегенді аталарымыз дұрыс санаған.

* * *

Жағдайға орай ұл баланы отыз сегіз, отыз тоғыз күнде де қырқынан шығара береді. Қырық күнге толтыру шарт емес. қыз балаға тіптен отыз бес күн де сауап деген.

* * *

Қазақтың ырымында балалардың ит көйлегіне байланысты, сәби аяғын апыл-тапыл басып жүрген кезде, ит көйлегінің жеңдерін түйіп, құрт, тоқаш, өрік-мейіз, тәтті, кәмпиттерге толтырып, иттің арқасына таңып, балаларға қуғызатын да ырым болған. Бұрынғылардың жосығы бойынша, иттің арқасындағы түйіншекті қуып жетіп, ішіндегілерден ауыз тию, бойдағы бәлекет біткен, ауру да итке көшіп кетсін деген ұғым бойынша, иткөйлектің иесі – сәби, бойындағы келеңсіздіктердің бәрінен арылмақ екен.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 35 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: