10:00
Рухани-танымдық сүрлеулер

ҚАЗАҚТЫҢ ЫРЫМ мен ТЫЙЫМ ТЫЛСЫМДАРЫНЫҢ ӨМІРДЕ ӨЗ ОРЫНДАРЫ БАР

Бұғана ұстаған баланың бойы өспей қалу қаупі бар дегендіктен, баланың бұғанаға қол тигізбей-ақ қойғаны және аты сүріншек болмауы үшін төстің сүріншегін жемегені жөн болар.

* * *

Аталарымыз қазанды тіршіліктің қайнар көзі, үйдің ырысы санаған. Қазақта «Қазанды төңкеруге болмайды» деген ырым бар. Оның себебі: бейіт басында төңкерілген қазан марқұм болған адамның артында тұяқ қалмай, оты өшкенін білдіреді екен.

* * *

Шаңырақ төңкерудің де мәні тап осындай. Марқұмның шаңырағы күйреді, артында мирасқор қалмады деген белгі.

* * *

«Шаңырақтан қара қазан кетсе, үйден ырыс кетеді» деген нақыл тегін айтылмаған. Өз қазанын көшкен жұртқа қалдырмайды. Алып жүру мүмкін болмаса, қазанды өзінің ырымын жасап көміп кетеді. Ондағы мақсат: үйден қазан кетсе, ырыс-несібеміз, құтымыз кетеді деп санаған.

* * *

Өз үмітің өшпесін десең, ошақтағы отты үрлеп қшірме.

* * *

Қазанды пайдалануға алған адам иесіне таза жуып, құлағына ақтық байлап, түбіне дәм салып қайтарулары тиіс. «Өкпесі қара қазандай» дейтіндей, олай етпесе, «қазан өкпелейді» деген бар.

* * *

Бақ пен береке біреуге ауып кетеді деген сеніммен қазанды біреуге сыйға бермейді, тарту етпейді.

* * *

Қазанға байланысты: қазақтарда қыз жасауына ешқашан қазан берілмейді.

* * *

Қайтыс болған адамның моласы бұзылса, түске кіріп мазалай берсе, басына қазан апарып қоятын болған.

* * *

Қазанға қатысты: «қазаның ортаймасын», «қазаның қуанышқа қайнасын», «ошақ оты өшпесін» деген сияқты жақсы тілектер де осы қазанмен байланысты.

* * *

Суға батып кеткен адамды төңкерген қазанды суға жіберіп, табатын да ырым бар.

* * *

Қазақта қазаннан айрылу құт-берекеден айырылумен бірдей.

* * *

Балалар тіл-көз тиіп ауырып қалғанда, ұшынғанда, қара қазанның құлағынан қара күйесін алып ұшықтайтын да ырым бар.

* * *

Толғағы келген әйелдің жеңіл, аман-есен тез босануы үшін Аллаға жалбарынып, қазан асу рәсімін жарсқазан атаған.

* * *

Қазанның қаспағын кішкентайында көп жеген жастардың үйлену тойында жауын-шашынды, сыбылыңқылықты күткен.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 43 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: