22:28 Рухани-танымдық сүрлеулер |
ҚАЗАҚТЫҢ ЫРЫМ мен ТЫЙЫМ ТЫЛСЫМДАРЫНЫҢ ӨМІРДЕ ӨЗ ОРЫНДАРЫ БАР Ықылым заманнан бері халық үшін қағида болып қалыптасып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан, ұлтымыздың салт-дәстүрінде де өз орындарын алып, мінез-құлық пен тәртіп ормасына айналған ырым мен тыйым, кесім тылсымдары жетерлік. Бабалар жаман іске тыйым салып отырған. Олар санаға. – тыйым салынғанды істесең – жаман іс, қырсыққа ұрынасың. Тыйым салынған істі істеу тек жаман іс қана емес, қазақ ұғымында – күнә деп, түсіндіруден жалықпаған. Халқымыз күнәні өлімнен жаман санаған. Қазір қоғамдық дамуымызға орай мәдениет те өсіп, өзгеріп келеді. Талғам да өзгеруде. Бірақ әбден сынақтан өтіп, бізге жеткен адам сенгісіз нәрсе сияқты ырым мен тыйымдарында, көңілге қонарлық, ойда болып, орындаса олқы болмайтын тұтастары жетерлік. Ырым деген адамның жақсыға жақын болайын, жаманнан абай болайын деген ниетінен туады. Ырым – адамның көңілі. Оларды балалардың да білгені еш артықтық етпейді. Негізгілері мынандай болып келеді: * * * Үлкендер арнайы тапсырма бергенде: «оң құлағыңмен тыңдап ал» дегеніндей, қызмет орындарында берілетін тапсырмалар мен бұйрықтардың негізінде оң құлаққа айтылғанын жөн санаған. * * * Қазақ қыздарына діні басқаға тұрмысқа шығуына рұқсат беру күнә болып есептелген. Ал басқа дінді әйелдер мұсылманға тұрмысқа шықса, өз дінінде қалғанның өзінде, онан туған балаларды мұсылман санаған. Ондай әйел мұсылмандықты өз еркімен қабылдаған болса, құптауға тұрарлық әрекет деп білген. * * * Ғашық болған адамың туралы тіс жарып ешкімге айтпаған жөн. Махаббат құрығына іліккен адамның жүрегі ашық келетіндіктен, тіл-көз тиіп кету қауіпі жоғарырақ болатын көрінеді. * * * Айтылған сөздің тез қабылданатынын ескеріп, махаббат сезімін білдіруді, көңіл көтерерлік әзіл, әжуа, қалжың, сондай-ақ оларға кереғар, көңіл қалдырарлық қатқыл сөздерді және көпшілікке қажетті насихатты сөздерді де сол құлаққа айтса жүрекке тез жетеді екен. Сол құлақпен естіген сөзден сәтті шешім жасау мүмкіндігі жоғары болады деп күтілген. * * * Қыз баланың қапасы ауырлық әкеліп, көп зиян шектіреді деген түсінікпен оларды ұрысып, сөкпей, тек төрге ғана отырғызу керек деген де ырым бар. * * * Қонақ қызды да босағаға отырғызбайды. Олар сыйлы қарттар отыратын құрметті орынға отырғызылуы керек. Олай болмаған жағдайда, үй қожасы бақытсыздыққа ұшырайды деген ырым бар. * * * Қыз баланың ұшып-қонған ұшқалақ, шошаңдаған шошақай-жеңілтек мінезді болып өспеуін көздеп, құйымшақ біткенді жегізбейді және қырқынан ерте шығармайды. * * * Жаңа түскен келіннің төркініне «өлі-тірі» жіберу кәдесі, оның ауру-сырқауды болмау жағын көздеп жіберіледі. * * * Жаңа түскен келінге ұлды болу үшін, алғаш сойылған малдың ұлтабарын жегізу ырымы бар. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
Всего комментариев: 0 | |