09:14
Рухани-танымдық сүрлеулер

ХАЙУАНАТТАР ЖАЙЛЫ ҚЫЗЫҒАРЛЫҚ ДЕРЕКТЕРГЕ ТОҚТАЛАЙЫҚ

Жаңа Зеландия елінің символы саналатын 60 жылға дейін өмір сүретін киви деген батыл құс бар. Оның қанаты да, құйрығы да жоқ, бірақ мысықтың мұртындай мұртшалары бар, қауырсындары да сүтқоректілердің қалың жүніндей. Олар жермен өте жылдам жүгіре алғанымен жасырын тіршілік етіп, азық іздеуге түнде ғана шығып жүреді. Олардың қорегі – шыбын-шіркей, жауынқұртар, ұлулар және өсетін жеміс-жидектер. Көзі нашар көргенімен, есту мен иіс сезу мүшесі жақсы дамып, жетілген. Кивидің жұмыртқасы өте үлкен, жарты келідей тартады. Бір ерекшелігі: балапандары басып шығарылғанда мамық емес, қауырсынымен шығады.

* * *

Кенгуру тектес қалталы жануарлардың төлдерінің туғанда жүні шықпай, көздері көрмей, аяқ-қолдары мен саусақтары жақсы жетілмей шала болғандықтан, дамып жетілгенше анасының қалтасында болып, жетілген соң да бір жыл бойы анасының қалтасына келіп ұйықтап жүреді.

* * *

Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген отырықшы құс – орақтұмсық 2015 жылдың құсы атанған. Суреті арнайы эмблема болып бекітілген. Өте сирек кездесетін бұл құс негізі ұсақ балықтармен, түрлі омыртқасыздармен қоректенеді. Олар таулы беткейлерде және Шелек, Асы, Қаражар, Қарқара өзендерінің жоғарғы ағысында кездеседі.

* * *

Құлағының ұшында ұзын шашағы бар, аяқтары ұзын, құйрығы қысқа, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген аң – қарақал. Түсі ақшыл сарғыш, құлағының шашағы мен арты қара. Азығын 4-5 метрден секіріп ұстайды. Жемі: тышқан, кірпі және бауырмен жорғалаушылар.

* * *

Қысылған кезде бүйі өзін өзі шағып өлтіреді екен.

* * *

Жұлдызқұрттар өте айлалы. Олардың бір ерекшелігі – түсін ғана емес, дене пішінін де өзгертіп, денесі тікенек те бола алады.

* * *

Оңтүстікамерикандық түлкі өте айлалы аң. Олар ірі құстардың жұмыртқасымен қоректенеді. Жұмыртқа ауыр болғандықтан оны ебін тауып домалатып, тасқа ұрып жарып жеп, қарнын тойғызады.

* * *

Еуразия құрлығында, әсіресе Испания мен Корея жері аралығында мекендейтін, шапшаң қимылдап, өте епті, шөптің бұтасына дейін өрмелеп шыға беретін, шөптен бір метрге дейінгі биіктікте ұяны тоқып салудың шебері – ең кішкентай сүтқоректі бөбек-тышқандар бар. Бұлар ыңғайлылық үшін ұяға кірудің бірнеше жолын қарастырады. Ұя сырты сарғая бастағанда, қауіпсіздігі үшін сыртын ортадағы шөптен айырма болмайтындай етіп жаңартып, балалап болған соң ол ұяны тастап, қысқы ініне қайтады екен.

* * *

Ұлар – азаттық сүйгіш бостан құс. Ол ұясын таудың биік қиясына, ұшар басына салады. Кекілікке ұқсас бұл құс көзден тасада тіршілік етеді. Торға түскен жағдайда тез өліп қалады. Балапанына адам қолы тисе болды – өледі. Зоопарктерде ұстауға шыдамайды.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 51 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: