10:14 Рухани-танымдық сүрлеулер |
ХАЙУАНАТТАР ЖАЙЛЫ ҚЫЗЫҒАРЛЫҚ ДЕРЕКТЕРГЕ ТОҚТАЛАЙЫҚ Кесірткенің әлемде 4000 аса түрі болса, 30-дан астамы біздің елде кездеседі. Қазақстанның «Қызыл кітабына» жұмырбас шұбар кесіртке, Зайсан жұмырбас кесірткесі мен келес кесірткесі енгізілген. Біздегі кесірткелердің ең үлкенінің ұзындығы 150-170 сантиметрге жетеді. * * * Африка құрлығының Руанда, Кения, Уганда, Бурунди, тағы сол сияқты елдерінде салмағы 400-750 келі болатын анколе-ватусси деген сиыр өсіріледі. Бұқаларының мүйізінің диаметрі 90 см-ге, ал салмағы 50 келіге дейін жетеді. Сиырлардың ұзын мүйіздері термореттегіш қызметін атқарады. Ыстық күндері ауа ағымымен салқындатылып, қан қайта жүйеге еніп, дене ыстығын басып реттейді. Бұл сиырлар шөлге де, азыққа да төзімді келеді. Өздерін жақсы қорғай алады. Әлділері шеңбер жасап, әлсіздерін, жас бұзауларын ортаға алып, жыртқыштардың қатігездік әрекеттеріне еш жол бермейді. * * * Құндыз (бобер), ондатр, кәмшат (выдра) сияқты су аңдары алыстан көрмейді. Ал балықтар екі жағындағы көздерімен алдын ғана көріп, көргенін басқа көзіне шағылыстыра беру арқылы көреді. * * * Ұлудың тамақты майдалайтын тістері тілінде орналасқан. Ұлудың үш жыл бойы ұйықтап жата беру мүмкіндігі бар. * * * Жетісу тритоны да (бақатіс) тек Жоңғар Алатауында кездеседі. Ол ортатаулық суық өзендер мен бұлақтарды ұнатады. * * * Тотықұстың әлемде 330 түрі бар. Олар 100 жылдай өмір сүреді. Ал бұйра, жасыл тотықұстар 12-13 жыл ғана өмір сүреді. * * * Тауыс (павлин) – екі түрлі қырғауыл тұқымдас, кәдімгі тауыс және көкқанатты тауыс құстары. Қоразының құйрық үсті қауырсынының ұзындығы 120-130 см. Мекиендері сұр түсті. Балапандары тез жетіліп, бір айда ұша алады. Топтанып өмір сүреді. «Қызыл кітапқа» енгізілген. * * * Тауыстың еркегі ұрғашысына қарағанда басқа құстарда кездеспейтін өте әсем суретті келеді. Бұл әсемдігін ол өзінің өмірлік сыңарына ғана паш етеді екен. * * * Ғалымдардың анықтауы бойынша, дала кеңістігінде ұшып, еркін жүрген құстарға қарағанда, қалаларды мекен еткендері ақылдырақ, иммунитеттері де күштірек болады екен. * * * Қара торғай тек Қазақстанда ғана өмір сүреді. Олар басқа жерлерге өте сирек ұшып барады екен. * * * Әжуан деген құс өзіне тән дауыспен талғамастан күні-түні сайрай береді. Оның ерекшелігі: басқа құстардың дауысын, тіпті машина гүрілін, сигналын, иттің үргенін де сала алуы. * * * Құстардың көбі бұтақта отырып сайраса, бозторғай ұшып жүріп сайрай береді. Сондықтан ол «ұшқыш әнші» аталған. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
Всего комментариев: 0 | |