10:19 Рухани-танымдық сүрлеулер |
ХАЙУАНАТТАР ЖАЙЛЫ ҚЫЗЫҒАРЛЫҚ ДЕРЕКТЕРГЕ ТОҚТАЛАЙЫҚ Қабыланның көзі қырағы. Ол 5 км қашықтықтан да жақсы көре береді. Бірақ түнде нашар көреді. Азығын күндіз іздеп, қуып жүріп, алдыңғы аяқтарымен соққы беріп ұстайды. Олар неғұрлым жылдам жүгірген сайын аяқ күштері де арта түседі екен. * * * Қабыландардың бір ерекшелігі – шапшаң қимылдауға көп күш жұмсап қоятындықтан, бір минуттан артық жүгірмейді. Бұл уақыт ішінде олжасына жете алмай қалса, ары қарай қууды тоқтатады. Ал ұстаған жемтігін жүгірістен қалжырап қалатындықтан, тынығып алмай жеуге кіріспейді. Шаршап жатқан кезде оның олжасын, қорқау қасқырлар мен арыстандар пайдаланып кете береді екен. * * * Қабыландардың тағы басқа ерекшеліктері – олар ырылдай алмайды, тек пырылдайды. Кішкентай болғандықтан олжасын өзге жыртқыштардан қорғап ала алмайды. Үлкен, айбаттылау жыртқышқа тап келсе, ол қарсыласпай олжасын тастап кете береді. * * * Қабыландар жыртқыш бола тұрып, ағаштарға өрмелеп шыға алмайды. Суды 3-4 күнде бір-ақ рет ішеді. * * * Қабыландардың көзін күннен қорғап және алысты көруге көмектесетін, көзінен аузына дейін созылып түскен «көз жасының сызығы» аталған, басқа жануарлардан ерекшелеп тұратын белгілі қара сызығы болады. * * * Дүниедегі ең жүйрік аң – сілеусін (гепард(. Оның теңбіл шұбар түсі, ұзын шөптерден онша білінбейтіндіктен адам көзіне көп те көріне бермейді. * * * Коала деген аң тышқанға ұқсағанымен кеміргіштер тобына емес, қалталы жыртқыштар тобына жатады. Бірі талда, бірі жер бетінде тіршілік кешеді. Коала ұйқышыл, жалқау, жапырақты жеп жата береді. * * * Мара – Патагония қояны мен теңіз шошқасы да бір-біріне ұқсас. Мара қоян аталғанмен кеміргіштер тобына жатады. * * * Терісі бағалаы «шиншилла» қояндар мен егеуқұйрықтарға туыс емес, оның туысы – жайра. Жайраны «тағылан» немесе «үлкен кірпі» дейді. Ол дұрыс болмас. Себебі кірпі кеміргіш емес, ал жайра кеміргіш. * * * Жыртқыш, көзі өте өткір аң – сілеусін биік тау-тастарда жүруге өте бейім, ағаштарға да өрмелей алады. Оның өзіне тән бір ерекшелігі – қос құлағының ұшында қылшықты шашағы, екі ұртында сәнді сақалы бар, жүрген кезде алдыңғы аяғы басқан ізді артқы аяғы деп басқандықтан жерге тек екі аяқтың ақ ізі түсіп отырады. * * * Үнемі жер астында жүретін, сүтқоректілер тобына жататын, өткір тісті, қылтық өскен боз терісі өңсіз, жалаңаш, суыққанды, дене жылуын қоршаған ортасына сай, реттеп, бейімделіп отыратын жер үңгігіш жануар да бар. Бұл жалаңаш жерүңгігіштер 30 жылдан астап өмір сүріп, өсіп өнеді. Оның иіс сезу жүйесі өте жақсы жетілген. Үстіндегі қылдары арқылы жер астында бағытты тез айырады. 70-80 жерүңгігішті бір ғана аналығы басқарып, құмырсқаларша тіршілік етеді. Жұмысшы жерүңгігіштер екі метр тереңдікте, диаметрі 4 сантиметр үңгір жолды бірнеше шақырымға жеткізе алады. Ішінде жыландардан қорған жүретін сарбаздары, тамақ тауып, бала бағатын, үйді реттейтін нәзіктері болады. Жерүңгігіштер кения, Эфиопия, Сомали сияқты елдердің шөлді аймақтарында, өсімдік тамырларынан нәр алып, су ішпей тіршілік етеді. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
Всего комментариев: 0 | |