10:41
Рухани-танымдық сүрлеулер

ХАЙУАНАТТАР ЖАЙЛЫ ҚЫЗЫҒАРЛЫҚ ДЕРЕКТЕРГЕ ТОҚТАЛАЙЫҚ

Ақбөкеннің құралайлары да туа салып біреу үйретіп қойғандай енесі қасынан кете салысымен тіршілік нышанын білдірместен, жатқан жерінен қозғалмай, анасының қайтып айналып келуін тып-тыныш күтіп, орнында жата береді екен.

* * *

Ақбөкеннің лақтары суатқа тек екі аптадан соң келеді.

* * *

Ақбөкен – киіктің лақтары 4-5 күннің ішінде отығады. Отыққанға дейін анасынан айрылып жатып қалған кез келген лақты кездестірген ана бөкен оларды емізіп, өзімен бірге ерте кететін де ерекшеліктері бар.

* * *

Маймылдың 250-ден аса түрі бар. Ең кішкентайының денесі – 11-15 см, құйрығы – 22 сантиметр болса, салмағы – 85-145 грамм ғана.

* * *

Адам тәрізді ең үлкен маймыл – ол горилла. Еркегінің бойы екі метрдей, салмағы 250 килограммға жетеді. Жейтіні – шөп пен жапырақ. Зердесіз, үйренбейді. Аналықтары ұяда ұйықтағанды жақсы көреді.

* * *

Тау гориллалары табиғи жағдайда аман сақталған. Африкадағы үш елдің бірі – Уганда.

* * *

Маймылдар айнадан өздерін көргенде танитын жануарлар тобына жатқанымен, горилла өзін тани алмайды екен.

* * *

Маймылдың аталықтары тақырбас болады. Суық тимейді.

* * *

Биік тауларында кездесетін, Қызыл кітапқа енген қар барысының дене тұрқы 125-135, биіктігі – 60 сантиметр, салмағы – 30-40 кг-дай. Түсі көк сұр, теңбілді, дөңгелек қар дақты, жүні қалың әрі ұзын. Олар арқарды, тау текені, еліктерді, ұлар мен кекіліктерді іңірде немесе түнде аулайды.

* * *

Жанат – сүтқоректі жыртқыш. Олардың сыртқы бейнесі ит пен түлкіге ұқсас. Табаны адамның алақаны сияқты. Бұтақтардан ұстап, ағашта еркін қозғала алады. Құйрығы ұзын болғанмен, тұмсығы қысқа. Олардың көзі мысықтардікі сияқты жақсы көргенмен, сезу қабілетіне сүйенеді. Суда жақсы жүзеді. Баспаналары – ағаш қуыстары. Он метрден аса биіктіктен секіріп түсе береді.

* * *

Бытпылдақтап ән салатын бөдененің жапондық, ағылшындық, мрамор, фараон бөденелері атты төрт түрі өсіріледі. Бөденелерді жұптап асырауда 4-6 ұрғашысына 1 еркегі тиесілі. Әр бөдене 10-15 жұмыртқа табады. Жұмыртқаны 21-26 тәулікте басып шығарады.

* * *

Африкалық беренджи деген маңдай терісі қатпарлы, құйрығы иіріліп оралып қалған, ерекше ит өз ге иттер сияқты үрмейді. Бірақ мазасызданғанда ғана сирек болса да ырылға ұқсас дыбыс шығарады екен. Мысықтар сияқты табанын жалап, жиі жуынып тұрады екен.

* * *

Жаңа Гвинеяны мекен ететін ел ішінде – шыбыншы торғай атанған айдарлы питохуи деген құс улы құстарға жатады. Салмағы 60-65 грамм ғана келетін құстың терісі, қауырсындары мен ішкі мүшелері де улы. Оның уытымен уланған ит, тышқан, қоян, бақа, құрбақалар ажал құшады екен.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 50 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: