09:01
Рухани-танымдық сүрлеулер

ХАЙУАНАТТАР ЖАЙЛЫ ҚЫЗЫҒАРЛЫҚ ДЕРЕКТЕРГЕ ТОҚТАЛАЙЫҚ

Шыбынның басындағы екі көздерінен бөлек, олардың ортасында тағы үш көзі болса, ал кейбір өрмекшілердің сегіз көзі бар.

* * *

Шыбын сағатына 8 шақырым жылдамдықпен ұшады екен.

* * *

Жолбарыстың тек жүні ғана емес, терісі де жолақ болады.

* * *

Біраз жануарлар түр-түстерді ажырата білмейді. Мысалы, ара қызыл түсті қара түс ретінде көрсе, акуланың, итің түс айыру қабілеті тіпті жоқ екен. Ал жылқы төрт түсті ғана айыра алады.

* * *

Кірпікті құрттар тобына жататын, тұрқының ұзындығы 35-60 см болатын, ешқашан өлмейтін планария деген жәндік өзіне жау жақындап келсе, бірнешеге бөлініп, жауы кеткен соң өсіп, бұрынғы қалпына келеді. Егер тамақ таппай қалса, миын ғана сақтап, өз етін жей береді екен.

* * *

Бүйірінде үлкен жүзбеқанаттары бар ұшатын балықтардың дүниежүзінде 40-тан аса түрі бар екен. Олар су үстінен 200 метр биіктікке дейін көтеріліп, қуған жауынан шапшаң жүзуінің арқасында да оңай құтылып кете алады.

* * *

Дене тұрқы шағын ғана наурыз айында ұшып келетін көктем құсы – наурызек. Шығыс елдерінде оны алғаш көргендер «Наурызегім, келдің бе?» деп шақырып, жем шашады. Оны ешкім де үркітіп, қумайды.

* * *

Үлпілдеген жүнді үкі – тіршілік жасауға түнде кіріседі. Үкілер түнде өздерін еркін сезінеді. Адамға сирек көрінетін өте ұялшақ құс, «түн сақшысы» атанған. Ұшқанда қанаттарынан дыбыс шықпайды.

* * *

Үкілер «түн сақшысы» ретінде көптеген зиянкестерді жоюға машықтанған. Түнде көру қабілеті ерекше дамығандықтан, егінге залалды кеміргіштердің барлығы үкінің қорегі болып табылады.

* * *

Үкінің мойыны ерекше жаратылған. Иілгіш қан тамырлары мен икемді омыртқаларының көмегі арқасында, ол басын 270 градусқа бұра алады. Жыртқыш болса да, оны қасиетті құсқа балайды.

* * *

Кесірткенің төрт мыңға жуық түрі бар. Олар екі-үш жыл ғана өмір сүреді. Ішінара, еркіндіктегілері ғана 20-25 жылдай өмір сүруі мүмкін. Бір ерекшелігі: құйрығын беріп, құтылып кетеді. Жұлынып қалған құйрығы ұзақ та болса, регенерациялық циклдан өтіп, қалпына келіп жетілгенше тепе-теңдікті сақтап, жүруі қиындау болғанмен, өмір сүре береді.

* * *

Геккон деген кесірткенің табаны миллиондаған өте кішкентай түктерден тұрғандықтан, ол үйдің төбесі мен жып-жылтыр шыныларда емін-еркін жүре береді. Гекконның бұл ерекшелігін ескерген өнертапқыштар Гексин атты супер желім жасап шығарған.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 53 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: