13:46 Рухани-танымдық сүрлеулер |
ХАЙУАНАТТАР ЖАЙЛЫ ҚЫЗЫҒАРЛЫҚ ДЕРЕКТЕРГЕ ТОҚТАЛАЙЫҚ Реңі сарғыш, кейбірі қоңырқай, дене тұрқы 20 см, пішіні төртбұрышты болып келетін Суринам елінде және Бразилия мен Гайанада тіршілік ететін, Суринам пипасы аталатын құрбақа, екі жарым айдай балаларын арқасында көтеріп жүреді. * * * Аузын араммен аптап, өлексе жеп, жалқаяқ жұтып, бес жүз жылдай өлексе аңдумен өлмес күнін көріп өмірден өтетін құс құмай – тазғара екен. * * * Жыртқыш аңдардың ішіндегі ең ауыры – Алясканың қоңыр аюы. Оның салмағы – 680 кг-ға дейін жетеді. Ал ақ аюдың салмағы – 400-450 кг. Салыстырып қарасақ, арыстан 280 кг-нан, жолбарыс – 270 кг-нан аспайды. Ең кішкентай аю, ол – 45 кг-нан аспайтын малай аюы. * * * Құмырсқалар қоғам болып, топтанып өмір сүруге бейім. Өзінен екі есе ауыр салмақты өздеріне керек затын тіспен көтеріп жүре береді. Әрқайсысы түрі мен жаратылысына сай, әртүрлі кәсіппен шұғылданады. Бірі құрылысшы, бірі диқан, бірі тазалықшы сияқты кәсіптермен шұғылданады. Азық іздеуде алдыңғыларының иісі арқылы жүріп отырады. Есте сақтау қабілеті өте күшті болып келеді. Құмырсқалардың денесінде жетпіс түрлі амин қышқылы мен түрлі дәрумендер бар екендігі анықталған. Олар адамзат баласына үлкен көмек боларлық, бір тәулікте илеуіндегі отыз мыңға тарта зиянды жәндіктерді жоя алады. * * * Құмырсқалардың он мыңға жуық түрі анықталған. Әр адамға шаққанда миллион құмырсқадан келіп, олардың салмағы жер бетіндегі барлық адамдардың салмағымен бірдей. Олар мұзды мұхиттардан басқа әлемнің барлық жерінде тіршілік етеді. Дегенмен де ыстық аймақтарды ұнатады. Құмырсқалар өмір бойы ұйықтамайтын көрінеді. Ғалымдардың анықтауы бойынша, тазалықты сүйетіні сонша – илеуін тазалықта ұстап, қажеттілік үшін белгілі дәретхана бөлмесіне барады екен. Өте иісшіл. * * * Құмырсқалар ешқашан жұқпалы аурулармен ауырмайтын болғандықтан, буын аурулары мен қант диабетін емдеуге, қан қысымын реттеуге әсер етерлік дәрілер де дайындалады. * * * Құмырсқа иелуінің басты ерекшеліктері – ұяның кіре берісін күнге, әлемнің магниттік өрісіне қарай бейімдеп жасап, ауа жолдарының еркіндігін, қалыпты температура сақтау үшін желдетіліп тұруын, жылытып, суыту тепе-теңдігін ұстауды, қосымша ұяларын жасағанда ішкі ауаға әсер етпейтіндей етіп жасауын негізге алуы болып табылады. * * * Құмырсқалардың адам денсаулығына да пайдасы бар. Аяқ қақсап, балтыр сыздаған жағдайда оның илеуіне салып отырса, әсері мол екен. * * * Бейнеткеш тіршілік иесі – құмырсқаның сезім мүшелері өте жоғары дамыған. Миы денесінен үлкен. Олар жер сілкінісі болар алдында тыным таппай, ұясына кіріп-шығып, байыз таппай қозғалысқа түседі. * * * Құмырсқаларды зеттейтін ғалымды – мирмеколог дейді. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
Всего комментариев: 0 | |