21:25 Рухани-танымдық сүрлеулер |
ХАЙУАНАТТАР ЖАЙЛЫ ҚЫЗЫҒАРЛЫҚ ДЕРЕКТЕРГЕ ТОҚТАЛАЙЫҚ Көртышқандардың көру қабілеті төмен. Бірақ аздау көргенмен де олар жыртқыштардан қорғана алады. Інінен жарық сезілгені – бұлар үшін қауіпті белгі. Ол жау келді дегенді білдіреді. Сол нашар көретін көздері арқылы ауа ағынын да сезетін көрінеді. * * * Егеуқұйрықтар адамға жақын жерде өмір сүреді. Қолға үйренгіш. Ақылды, адаммен ойнағанды ұнатады. Нысанасын жылдам табады. * * * Денесінің ұзындығы 36 см-ге жететін «палочник» аталатын шегіртке Калимантан аралын мекендеген. * * * Құс көзі жақсы жетілген, өте қырағы. Олардың көру бұрышы 28-360 градус екен. * * * Лашын бір шақырымнан астам жерден көре алады. * * * Абадандарын асырау ұрғашы арыстандарға тиесілі. Олар тәулігіне 15 рет тамақтандырылады. Сондықтан олар тәулік бойы тыным таппай жортып, нағыз еңбекқорлығын көрсете отырып, жемтік іздеп шарқ ұрып жүреді. Жүрегі ең кішкентай аң – ол арыстан. * * * Аналық арыстандардың тағы бір ерекшелігі – егер бір ұрғашысы ауырып немесе өліп қалса, өзгелері жетім абаданды жатсынбай, өз қамқорлығына алып бағып жүре береді. * * * Бұрындары жануарлардың ішінде адамнан кейінгі ең ақылды – маймыл деген ұғым қалыптасқан болса, оны швейцариялық профессор Алана Портмане жоққа шығарған. Оның қорытындысы бойынша, зеректік көрсеткішті анықтауда адам 214 балл алған болса, 195 балл жинап, екінші орынды дельфин иемденген. 150 баллмен піл үшінші орынға, 63 баллмен маймыл – төртінші орынға ығысыпты. Зебра – 42, керік – 38, түлкі небәрі 28 балл ғана жинапты. Ал үндіс ғалымдары зерек жануарлардың қатарына пілден соң, жолбарыстың болғанын құптайды екен. Зеректігі жөнінен екінші орынды иеленген дельфин үнемі қозғалыста жүреді. Ауа қажет болғанда теңіз бетіне көтеріліп, тиісті ауасын жұтып, қайта сүңгіп жүретіндіктен ол ұйықтамайды. Ұйықтағанда да көздеі ашық күйде болатын екен. Ғалымдардың анықтауы бойынша, олардың ми қабаты екі жартышардан тұратын көрінеді. Ұйықтау керек болғанда, жартышарлар кезектесіп ұйықтап, біреуі бар істерді атқарып жүре береді екен. Дельфин сөзі грекше – бауыр, туыс дегенді білдіреді. Олар адамға жақын жүруден қашпайды. Әдетте олар топтасып жүретіндіктен, алып акулалардың өзі де тиісе алмайды. Аналықтары 12 ай көтеріп, 8 ай еміздеі. Адамның миы 1400 грамм тартатын болса, дельфиннің миы – 1700 грамм. * * * Шимпанзе топтанып жүріп аң аулайды. Адамға ой-сезімін заттармен қимыл арқылы жеткізе алады. Орангутангтар бірлесіп өмір сүреді. Ұрғашысы балаларын түрлі әрекеттерге үйретеді. * * * Хайуандардың арасында шимпанзе – маймыл ғана айнадан көргенде өзін-өзі тани алатын қабілетке ие екен. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
Всего комментариев: 0 | |