09:03 Рухани-танымдық сүрлеулер |
ХАЙУАНАТТАР ЖАЙЛЫ ҚЫЗЫҒАРЛЫҚ ДЕРЕКТЕРГЕ ТОҚТАЛАЙЫҚ Керіктің тілінің ұзындығы жарты метр. Бойы жетпеген жердегі жапырақтарды ұзын тілімен орап алып жей береді. Ол ылғалды шөптерді шөптерді жеу арқылы шөлін басып, бес күнге дейін су ішпей жүре беретін көрінеді. * * * Қарғаның 6 туысы, 13 түрі бар екен. Олар торғайлар жасағына жататын құс. Салмағы бір жарым келідей. Қулығы адамнан өтеді. Олардың адам таңғалардай бір ерекшелігі – өлген қарғаның өлексесін жер бетінде ашық қалдырмастан, жерге көмуге әрекет жасауы. * * * Қарғаның жемейтіні жоқ, тіпті жас қояндарды, әсіресе жұмыртқаны сүйсініп жетін қуақылау құс. Ұядағы жұмыртқаларды тауып жеу үшін, неше түрлі айла-әдістерді қолданады. Ұрғашысы басқа ұядағы құстарды көз жазбай аңдумен болады-дағы, ұшып шығып кеткенде, жатқан жұмыртқаларды, тіпті балапандарды да жей бастайды. * * * Қарға шамамен 300 жылдай өмір сүреді. Ол ақылы асқан, ой өрісі дамыған құс қатарында. Аяқкиімнің бауынан қармақ жасай алады. Ал тістеп алған жаңғағын жару үшін жоғарыдан жол үстіне тастап жіберіп, көліктің басып өтуін аңдып, шағылған соң жейді. * * * Қарға қатты қарқылдайтынын білеміз. Байыптап тыңдаса тек көктем шығар кезде ғана әндетеді екен. * * * Құстардың мамық қауырсыны оларды суықтан қорғайтын бірден-бір қорғанышы болып табылады. * * * Ұзын тұмсығы мен сирақтары бірден көзге түсетін ақ және қара ләйлек (аист) адамға үйірсек. Биік мұнаралар мен мешіт, мазар төбелеріне ұя сала береді. Ақ ләйлектің түсі ақ, қанатының ұштары қара, бауыры қарақошқылдау болып келсе, қарасының түсі керісінше үсті қара, қанаттарының ұштары ақ, бауыры бозғылт болады. Жылы жақтардан ерте көктемде ұшып келетін олар, көктем жаршысы. Биологиялық ырғақтылық пен тәуліктік белсенділік құстарға сезімталдық сыйлаған. Олардың оянуына қарап, уақытты ажыратуға болады. Мысалы, таң сібірлеп атпастан көп бұрын, яғни түнгі сағат екілерде бұлбұл оянса, онымен бір мезгілде орман бозторғайы – юла да оянып, діріл қаққан қанатымен ауада қалықтап, шырылдап тұрады. * * * Сағат 2 мен 3-тің аралығында дала бозторғайы аспанға көтеріліп, бөдене де ояна бастайды. Сағат 3-ке қарай көкек пен көзеген сары шымшық оянып, сағат 4-ке жуық шұбар шымшық пен сары торғай бір мезгілде шырылдайды. Бұдан соң сәл кейінірек қара торғай оянса, жасыл шыбындар мен қаратмақ сілкінеді. Ал жалқау торғай сағат 5-ке дейін ұйықтайды. * * * Сирек ұшырасатын тырна – кіші аққұтан (белая цапля). Ну қамыстарды мекендеп, ұя салады. Мамырда жұмыртқалап, маусымда сарыауыздарының қорегіне шабақтар іздеп шығады. * * * Ең шағын тырна – ақтырна (белый журавль). Олардың алқымы қара болғанымен, басы ақ, денесін мен қанаттары ақшыл. Жұп болып өмір сүріп, екі ғана балапан шығарып, күз кезінде топтасады. Егін зиянкестерімен және өсімдіктермен қоректенеді. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
Всего комментариев: 0 | |