23:03 Рухани-танымдық сүрлеулер |
ХАЙУАНАТТАР ЖАЙЛЫ ҚЫЗЫҒАРЛЫҚ ДЕРЕКТЕРГЕ ТОҚТАЛАЙЫҚ Қыс түсер алдында жылы жақтарға қоныс аудару және қайту кезінде хайуанаттардың көпшілігі әрі-бері жүрісте 600 мың шақырым қашықтықты еңсереді екен. Ал кішкентай жарқанаттың өзі 1500 шақырымдай жерге ұшып барып қайтатын көрінеді. Жол-жөнекей көпір астына, үңгірлеу келген жерлерге, ағаш қуыстарына кіріп, тынығып алған соң, қайта ұшуын жалғастырады екен. * * *
«Теңіз қасқыры» атанған акулада сүйек деген болмайды. Ұзындығы 20 сантиметрден 20 метрге дейін жететін акулалардың бар денесі шеміршектерден тұрады. Оларда балықтар сияқты торсылдақ пен желбезек қақпақшалары жоқ. Бес-алты жұп желбезек саңлаулары ғана бар. * * * Теңізде жүзіп жүрген акула қарнымен теріс айналып қалатын болса, есінен танып, өліп те кетуі мүмкін екен. Олар өн бойы қозғалыста болмаса, суға батып кетеді. * * * Акуланың терісі «теріс тістері» аталатын сан мыңдаған қабыршықтардан тұрады. Бұл тістерден тұратын жабын жүзу кезінде иірім қалыптасуын болдырмастан, акуланың тез жүзуіне көмектеседі. Жүзгіштердің жүзу костюмдері осыған негізделген. * * * Акулалар тістерін жиі ауыстырады. Жаңа тісі 10 күнде-ақ өседі. * * * Қысқы ұйқыға кеткен саршұнақты інінен суырып алып, қанша сілікпелегеніңмен оята алмайсың. Оның ұйқысы сондай қатты. * * * Тірі жандардың ішінде итте ғана адамға тән қарапайымдылық қасиет бар екен. * * * Иттердің түп аталары үйірімен өмір сүріп, бір басшыға бағынған.сондықтан болар, ит иесінің берген бұйрығын бұлжытпай орындайды. * * * Бүйі екі жылға, кенелер он жылға дейін қорексіз өмір сүре алады. * * * Шегірткелердің қаны ақ түсті болады. * * * Сауысқан – өте айлалы, сақ құс. Сақылдаған сары аязда жемі қатса да, өткір, қарулы тұмсығымен шұқып жей алады. Бір ерекшелігі – өзіне бірнеше ұя салып алуы және жылтыр әшекейлі заттарға әуестігі. Сауысқанның ұясынан түсті тастарды, күміс тиындар мен алтын заттарды кездестіресің. Оның адамның сөзін қайталап айта алатын да қабілеті бар. * * * Бөктергі аспанда ұшып жүріп, жердегі сұр тышқанның жүргенін көріп, оқтай зымырап шүйілетіні белгілі. * * * Жердегі жануарлардың ішіндегі ең жүрегі үлкені де, қан қысымы жоғары аң да – керік. Бойы бес жарым метрден асса, салмағы бір тоннадай. Сағатына 55 шақырымды еркін жүгіре алады. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
Всего комментариев: 0 | |