21:31 Рухани-танымдық сүрлеулер |
ХАЙУАНАТТАР ЖАЙЛЫ ҚЫЗЫҒАРЛЫҚ ДЕРЕКТЕРГЕ ТОҚТАЛАЙЫҚ Зоологтар көшені кесіп өтуде зерделілік танытқан қаз деген. Ол ешқашан доңғалақ астына түспейді екен. Одан кейінгі орындарды шошқа мен мысық, ит пен тауық алады екен. Адам – ең соңғы орында. * * * Тиін қолға тез үйренеді. Оның есте сақтау, жылдамдық, ептілік, аңғарғыштық қабілеттері жоғары. Адамдарды тани біліп, жақын жүреді. * * * Жануарлар мұрынын иіс сезуден бөлек, басқа да мақсаттарға да қолданады. Мысалы, қараторғайлар мұрыны арқылы пайдалы қасиеті бар өсімдіктерді ажырата біледі. Балапандарына зиянды бактериялар мен шыбын-шіркейлерді жоя алатын шөптерді ұйларына тасып, жапсырып отырады. * * * Шырылдауық қара шегірткенің, саранча шегірткенің, цикад атты шегірткенің және түнгі көбелектердің есту органдары басында емес, аяғында және қарындарына орналасқан екен. * * * Шаяндар екі жылға, ал таскенелер он жылға дейін нәр татпастан аш жата береді екен. * * * Өрмекшінің, шаяндардың, теңіз шаянының (краб) бойында гемоглобинді қызыл қан емес, негізі мыстан тұратын, гемоцианин өндірген көгілдір қан болады. * * * Ірі теңіз шаяндарының қаны көк түсті болады. * * * Ең кішкентай құс – колибри ұзын қанатты құстар отрядының бір тармағы. Оның 319 түрі бар. Тілі жылан тіліндей айыр. Бұлшық еттерінің ықшамдылығы арқасында артқа да ұшып, секундына қанаттарын 80-100 рет қағып, ауада қалықтап тұра алады екен. * * * Ең кішкентай құс – құрқылтай (колибри), салмағы бар болғаны 2 граммнан аспайды. Олар жүре алмайды. * * * Кагуан – денесі мысықтай жануар. Оның түрі, тұмсығы лемурға ұқсайды. Тістері кеміргіштердікіндей. Жарғағының арқасында ауада ұшып, орын ауыстырады. Жарғағы иегінен басталып, табандары арқылы құйрығына дейін барады. Парашют сияқты кескінге енеді. * * * Тропикалық теңіздер мен мұхиттардың суының беткі қабатында 20 градустан жоғары температурада өмір сүретін, сағатына 70 км жылдамдықпен ұша алатын, 70-ке жуық балық түрі бар. Ұшу қашықтығы қысқа болғанмен де, жыртқыштардан ізін жасыруға көп көмегі тиеді. Олардың дене тұрқы 15-50 см көлемінде. Бүйріндегі жүзбеқанаты құс қанатына ұқсас. Ұшуға көтерілгенде құйрық желбезектерін іске қосады. Олардың ұшу қашықтығы 50-100 метр шамасында. Су бетінен 6 метрге дейін көтеріле алады. Ең ұзақ ұшу уақыты – 45 секундтай екен. * * * Жапонияның тұщы суларында өмір сүретін түрлі-түсті Кои (тұқы) балығы тек әдемі ғана емес, қолға үйренген. Олардың ерекшелігі – жүзіп келгенде қолмен тамақтандырып, сипауға көнгендігі. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
Всего комментариев: 0 | |