20:21 Рухани-танымдық сүрлеулер |
ХАЙУАНАТТАР ЖАЙЛЫ ҚЫЗЫҒАРЛЫҚ ДЕРЕКТЕРГЕ ТОҚТАЛАЙЫҚ Ұшқырлығы жағынан дүниежүзілік абсолютті рекорд жасаған құс – лашын екен. Аспанда 360 км/сағат жылдамдықпен зымырап ұшып, шабуылға шыға алады. Бірақ бұл тыз етпе жылдамдық бар-жоғы 2-3 минутта ғана созылатын көрінеді. * * * Сұңқарлардың бізде он шақты түрі өмір сүреді екен. Олар: лашын, ителгі, шұбар сұңқар, жағалтай, тұрымтай, бөктергі, күйкентай, лаггар сияқтылар. Бұлардың ішіндегі адамға жақын жүретіні – бөктергі. Олар кеміргіштер және жәндіктермен қоректеніп, егістік пен орман алқаптарына пайда келтіреді. * * * Бүркіт аспанда қанатын жайған күйі бір орында тұрса-дағы құлап кетпейді. Себебі бүркіттің ұзын, жалпақ қанаттары ауада қалықтап ұзақ жүруіне көмектеседі. * * * Казуар – жер шарындағы мүйізді айдары бар, тырнақты ең қауіпті құс. Тырнақ ұзындығы 12 см-ге дейін жетеді. Сағатына 50 км/сағат жылдамдықпен жүгіре алады. Ұштарында өткір тырнақтар бар кішкентай қанаттары ұшуға арналмаған. Ол қанаттар орманда жол ашып жүруге арналған. Бір жарым метр биіктікке секіре алады. * * * Альбатрос деген құс теңіз үстінде қанатын қақпастан 6 күн 6 түн, яғни 6 тәулік бойы дауыл кезінде ұшып жүре береді екен. Олар тамаша жүзгенімен, сүңгімейді. * * * Түйелердің мұрындары ішінен шығар буды бөгеп, денесінде дымқылдылықтың сақталып тұруына ықпал етеді. * * * Африка шөлдерін мекендейтін түйелердің арқасында май жинайтын жалғыз ғана өркеші болады. Мұндағы қор түйенің бірнеше күн жем жеп, су ішпей жүре беруіне көмектеседі. Мүйізді тегіс әрі жалпақ тұяғының арқасында нар құмнан омбылаудан қорықпайды. Құм көтерілгенде танауын жабық ұстайды. * * * Түйе шөлге төзімді десек, егеуқұйрық одан да төзімді екен. * * * Түйелердің үш қасы болады екен. * * * Түйелер сегіз жыл өсіп, қырық жылға дейін жасай береді. * * * Түйенің ботасына ұқсас Оңтүстік Американың Анд тауының биік беткейлерін мекендейтін альпака дейтін жануар бар. Оның қазаша атауы – кекілеш. Олар сүтқоректі. Күйіс қайтаратын түйе тұқымдастар тобына жатады. Ол жануарларды қой жүнінен бес есе жылы жүні үшін Эквадорда, перуде, Чилиде, Солтүстік Боливияда қолда өсіреді. * * * Кірпілер суды баспайды. * * * Хайуанаттар әлеміндегі суыққандылар тобына жататын теңіз тасбақасы 200-300 жыл, жайын, карп, акулалар – 100 жыл, шортан – 200 жылдай өмір сүреді екен. * * * Қолда ұсталған бүркіттің өзі 80 жылдай, аққу – 150 жылға жуық өмір сүретін болса, тотықұстар бір жарым ғасырдай жасайды. Ал тышқандар орта есеппен – 2 жыл, қоян – 8 жыл, тиін – 9, борсық – 10-12, қасқыр – 15 жылдай өмір кешеді екен. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
Всего комментариев: 0 | |