22:09 Рухани-танымдық сүрлеулер |
ХАЙУАНАТТАР ЖАЙЛЫ ҚЫЗЫҒАРЛЫҚ ДЕРЕКТЕРГЕ ТОҚТАЛАЙЫҚ Түйеқұстар 70 жылға дейін өмір сүреді. * * * Түйеқұс ұша алмайды. Бірақ сағатына 80 км жылдамдықпен жүгіреді. Есту және көру қабілеті күшті дамыған. Жауын алыстан сезеді. Қауіп төнгенде түйеқұстар мойнын жерге созып, жердің дүмпуін тыңдап, бақылап жатады. Қауіп жақындағанда тұра салып қашуға әрекет жасайды. * * * Түйеқұстың жұмыртқасының ұзындығы – 15-18 см болса, диаметрі – 13-15 см., салмағы 1,5 келіге жетеді. Еркек түйеқұс үлкен ор қазып, дайындалған ұяға барлық аналық түйеқұстар жиылып 6-8 жұмыртқа салады. 5-6 апта бойы кезектесіп басып шығарады. Балапандары жұмыртқадан шыға сала жүгіріп кете береді. * * * Түйеқұстың аяғында үш емес, екі ғана саусақ бар, көзі миынан да үлкен. Аяғының мықтылығынан 4 метр қашықтыққа секіре береді. Бойы 2,5 метрге жуық, салмағы 130 келіге жетеді. * * * Оңтүстік Америкада арнайы үйретілген түйеқұстар қой да бағады екен. Көзі өткір, тез жүгіре алатындықтан, мықты аяқтарымен қауіп төндірер жыртқыштарды теуіп, жазым ете алатын көрінеді. * * * Кептерлер сағатына 70 шақырым жылдамдықпен ұшып, 500-600 шақырым жерге қонбастан жете алатын, бағытын айқын ажыратуға қабілетті, елпек құс. Осы қабілеті ескеріліп, оны адамдар пошта тасуға ертеден-ақ пайдаланып келген. * * * Көгершіндер өте ертеден қолға үйретілген. Олардың жаңа нәрсені тез үйреніп алатын алғырлығы бар. Есте сақтау қабілеті жоғары. Айнадан өзін танып, түрлі заттардың бір-бірінен айырмашылықтарын тез байқап, тез шешім қолдана алады. * * * Адамның досы – қарлығаш болса, үшкір, жіңішке қанаттарының арқасында 100-150 км/сағат жылдамдықпен шаршамай ұшып, өте алысқа бара алатыны сонша – Сахара шөлін 10-12 сағатта қонбай ұшып өтеді. Қарлығаштың жұмыс күні – 16 сағат шамасында. Бұл уақыт аралығында олар балапандарына 640 рет жем жеткізіп, 6 мың төрт жүздей зиянкестердің көзін жояды екен * * * Арктикалық қарлығашқа 40 мың шақырымға дейін ұшып баруға жердің магниттік өрісі көмектеседі екен. * * * Ілемде ұшып жүріп-ақ ұйықтай беретін қарлығаштар да бар екен. * * * Құстардың көбі әртүрлі жемістердің дәні мен сүйегін теріп жегенмен, оны қорытпастан басқа жерге апарып тастайды. Ішінен қайта түскен дәндер тез өніп, өз өскінін береді. Мысалы, шымшықтар қарамық, таңқурай, итбүлдірген, шетен, чечетка – қайың; көкқарға – самырсын; ал шырша торғайлар – қылқан жапырақты ағаштардың дәндерін тасиды. Сарғалдақ мысық торғай (иволга) флейта сырнайда ойнағандай дыбыс шығарады. Сондықтан да оларды «орман флейтасы», кейбіреу «орман мысығы» деп те атайды. Екі атау да дұрыс таңдалған. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
Всего комментариев: 0 | |