21:35
Рухани-танымдық сүрлеулер

ХАЙУАНАТТАР ЖАЙЛЫ ҚЫЗЫҒАРЛЫҚ ДЕРЕКТЕРГЕ ТОҚТАЛАЙЫҚ

«Шіркін-ай! Бұлбұл үні-ай!» - деп тамсанамыз. Сайрайтын тек еркек бұлбұл екенін бәріміз біле бермейміз. Ол өзінің сыңарына күн-түн демей, жұмыртқасын басып шығарғанға дейін әнін шырқаудан жалықпайды.

* * *

Қолтырауын – салқынқанды. Олар 50-60 жыл, кейбірі 200 жыл өмірін суда өткізеді. Туылған кезінде шамамен 20 см-дей ғана болады. Жақ сүйегі жақсы дамыған. Ол жыл бойы тамақ ішпей жүре алғанмен де, кезіккен нәрсені талғамастан шайнамай, іш жағы қуыс болып келетін 60 тісінің арқасында бірнеше бөлікке бліп, жұтып жіберетін ашқарақ екен. Асты ұсақтап, қорыту және тепе-теңдікті сақтау үшін тас жұтып алады. Бір ерекшелігі – тілін сыртқа шығара алмайды.

* * *

Қолтырауынның өкпесі үлкен болады. Құрғаққа дем алуға, көбеюге ғана шығады. Су айдыны болмаса, балшыққа батып та ұйықтай береді. Олар тас жейді. Жұмыр тастар асқазандағы бүтін асты ұсақтап, қорытуға дайындайды. Қорегі өзен-көлдердегі балықтар және суға түсіп жүрген елік, керік, сусыр секілді жануарлар. Осндай-ақ, жемтігін аулағанда мұрыны мен көзін ғана көрсетіп, суда қимылсыз жатуы үшін, жұтқан тасы да көмекке келеді. Қолтырауынның крокодил атануы грек тілінен аударғанда «тас құрт» дегенге келеді екен.

* * *

Қолтырауындар өзен жиегіне жақын құм, шұңқырларға жұмыртқа салады. Жұмыртқасы әктас тектес қатты қабықпен қапталған үлкендігі қаз жұмыртқасындай. Ұрғашылары ұяларын қорғап, маңынан шықпайды.

* * *

Қолтырауынның майы жасыл түсті, оларда тіл болмайды. Ал өткір 66 тісі, бір жылда екі рет түсіп, қайта өседі.

* * *

Қолтырауындардың 23 түрі кездеседі. Олар «Қызыл кітапқа» енгізілген. Еті мен терісін пайдаланды.

* * *

Ұқсас болғанмен де, қолтырауыннан аллгатордың өзіндік айырмашылықтарына қарап ажыратуға болады. Мысалы, тұмсығы сүйір келгені қонтырауын да, доғал дөңгелектеніп келгені – аллигатор. Одан басқа, ауыздарын жапқан кезде қолтырауынның 4 тісі көрініп тұратын болса, аллигатордың аузы толықтай жабылып тұрады. Тағы бір ерекшелігі – қолтырауындар тұзды суларда өмір сүрсе, аллигаторлар тек қана тұщы суларды мекендейді.

* * *

Тотықұстар адамдардың сөздерін қайталаудан басқа, кіші мен үлкенді, ұқсастар мен бөлекті де ажырата алады.

* * *

Ұша алатын жалғыз сүт қоректі – ол жарқанат.

* * *

Жарқанаттың көзі көрмейді. Олар дыбыс толқындарын жіберу арқылы ұшатындықтан ештемемен қақтығыспайды. Қараңғылық түсе ұшып шығып, қорегін аулап, 3000 метр биіктікке дейін көтеріліп, сағатына 100 шақырым жылдамдықпен, соқтығыспастан, бір сағат ішінде 600-ге тарта шыбын-шіркейді қылғытуға үлгеретін көрінеді. Бірақ баласы ұясынан құлап қлаған жағдайда, жерге төбесімен түсіп қалып, қайтадан ұясына көтеріле алмайды екен.

баспаға әзірлеген                                                  

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 77 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: