21:19 Рухани-танымдық сүрлеулер |
ХАЙУАНАТТАР ЖАЙЛЫ ҚЫЗЫҒАРЛЫҚ ДЕРЕКТЕРГЕ ТОҚТАЛАЙЫҚ Ең кішкентай құрқылтайдан (колибри) бастап, алып пілге дейінгі жануарлардың барлығы, бір сөзбен жануарлар дүниесі – фауна деп аталады. * * * Пингвин – денесі жылтыр, тайғанақ, су астында ескек тәрізді қанаттарының арқасында, сағатына 25 км жылдамдықпен жүзе алатын, дүниедегі ұша алмайтын жалғыз құс. Ұяларын жерге салады. Жұмыртқасын көбіне жарғақты табанының үстіне қойып шайқайды екен. Терісі үш қабат екен де, алғашқы қабаты қарышықты қауырсын болса, екіншісі – ауа қабаты, үшінші қабаты май екен. Осы қабаттардың арқасында 50 градус суықтықта да тоңбастан тіршілік ете береді. Қанша уақыт өтсе де, мұзда аяқтары тоңбайды. * * * Еңкеймей, тікесінен тік тұрып жүретін жалғыз құс та пингвин. * * * Пингвиндердің 20 шақты түрі бар. Олар оңтүстік жарты шарда ғана таралған. Шамамен 25-35 жыл өмір сүретін көрінеді. * * * Пингвиндер қауырсындарын тастау үшін, аштық диетасын қабылдап, екі апта бойы, 14 күн ішінде ішіп, жемей бір орында қозғалмай тұрып, жаңа қанаты пайда болғанша күтеді екен. * * * Африка пілі – құрлықтағы ең ірі сүтқоректі жануар. Оның салмағы 9 тоннаға дейін жетеді. Ересек пілдер бір күнде 140 кг-дай өсімдік жейді. Олардың азу тісінің өзі 220 кг-ға жетіп қалады. * * * Алып піл ұзын тұмсығын сом темірдей небір жуан ағаштарды қопарып тастауға, суға жүзгенде дем алар түтікше, су ішкенде шланг-түтік ретінде пайдаланып, сол тұмсығы арқылы ерекше дауыс та шығара алады. Жалпы салмағының 0,27 пайызы миына тиесі. * * * Еркек пілдің сыртқа шығып тұратын екі ұзын тісі бар. Пілдердің тістері аппақ. Табаны жұмсақ, бес тарам болып келеді. Ұрғашы пілдің екі емшегі бар, ал сыртқа шыққан тісі болмайды. Жерде жатқан инедей нәрсені де тұмсығымен оп-оңай іліп ала береді. Өте тілалғыш хайуан. Адамға тез үйреніп, көп қызмет етеді. Пілдер кәрілік пен аурудан емес, тісінің жоқтығынан өледі. Тісі түсіп қалғандықтан тамақты шайнай алмай, асқазан жұмысы нашарлап, ас қорытылмау себебінен өлім құшады. * * * Пілдер өз таластарына 32 шақырым жерден сәлем жолдай алады. Бұл дабылды тіпті 150 шақырым жердегі пілдер де естиді екен. Сәлемді пілдер аяқтарымен жер тебу арқылы беруді меңгерген. * * * Пілдің қалқиған құлағы басқа аңдардікіндей қашықтықтан естуге емес, аптап ыстықта дене температурасын қалыпта ұстау үшін керек екен. Ұдайы желпіп тұратын құлағы арқылы жылжыған қан салқындап, дененің қызынуына жол бермейді. * * * Пілдің тағы бір ерекшелігі – секіре алмауы. * * * Жер жүзіндегі ең ауыр жануар – піл, бес метр биіктен жапырақты ұзын тілінің арқасында жей алады екен. * * * Басымен тұра алатын, төрт тізесі бар жалғыз аң – піл. * * * Пілдер топ болып жайылғанымен, аналық піл қайтыс болып кеткен жағдайда, ол пілдің баласын ешқайсыс да қамқорлыққа алмастан, қараусыз қалып жататын жайлар кездесіп тұрады екен. * * * Пілдің басы үлкен болғандықтан, есте сақтау қабілеті күшті. Ми салмағы 5 келіге жетеді. Қуанышты да, қайғыны да сезінеді. Өзін ренжіткенді есінде сақтап, қанша уақыт өтсе де, кегін алуға күш салады. Олар тазалықты сүйеді. Тамақтанар алдында тамағын жуады. Ақылдылығы сонша – кейбірі сурет те сала алады. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
Всего комментариев: 0 | |