23:04 Рухани-танымдық сүрлеулер |
ҚҰС АТАУЛАРЫ және КЕЙБІРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ Біз құс төресі деп білетін, үйрек тұқымдасына жататын аса көркем құс – аққудың сұңқылдақ аққу, сыбырлақ аққу, қарақу, кішкентай тундра аққуы сияқты түрлері бар. Сұңғақ мойын атанған аққудың жанама аттары: қу, ақ шандоз. Бұрынғылардан. «Аққумен жолдас болсаң, тәнің пәк болар» деген де сөз қалған. Бұдан шын мәнінде киелі құс екендігін аңғаруға болады. Әупілдектің атаулары – оқпан, көлбұқа, орысша – выпь. Байғыздың атаулары – байғұс, түн сұлуы, апасыз жетім бала, адасқан жолаушы, орысша – сыч. Балықшы құстың атаулары – зымыран, тұйғын. Дуадақ атауы – (джек) тоқтыбалақ, қозыбалақ, жорға дуадақ (дрофа), безгелдек, шөл тауығы. Құрдың аттары – саңырау құр, саусылдақ, сақау құр, қызыл көз, меңіреу құр болып келеді. Үй әтеші – қораз. Жабайы тауық – банкив тауығы. Күркетауық – түйетауық. Ұлар құстың атауына тұрып жатқан мекенін қосып айтып, алатау ұлары, қырым ұлары болып кете береді. Құтан – мойыны құлқын атанған ләйлек, көкқұтан, аққұтан. Тырна – қылдырық ұзын мойынды жыл құсы. Ақбас тырна. Қаз – қоңыр қаз, қызылқаз, сарыала қаз, қараша қаз, қара қаз, қоқиқаз, ала (итала) қаз, қутұмсық. Қарғалар – қара және ала қарға, ұзақ, көк қарға, таған, құзғын қарға, ақ тұмсық қарға, шауқара. Жабайы үйректер – дарқоңыр, мисақ, сұқсыр, бұла, тұрпан, ақбас үйрек (савка), сүңгуір үйрек, самүйрек, шіңкілдек, бізқұйрық. Шүрегей – кіші шүрегей, шыртылдауық көгілдір қанатты шүрегей, қырқылдауық шүрегей, сұршүрегей, мәрмәр шүрегей. Сұр түсті сүңгуір үйрек – кегер. Үйректің ең ұшқыры – бұлүйрек. Шағала – өгізшағала, түйе шағала, ақ, боз, қара шағалалар. Бөдене – бытпылдық, бүлдіршін. Бұлдырық – қарабауыр бұлдырық. Қараторғай – сайрауық, қарасайрауық. Торғайлар – суық торғай, молда торғай, көң торғай, жау торғай, шөже торғай, қоңыр торғай, қамыс торғай, мақтан торғай, мысық торғай, сары, сарықас торғай, шырша торғай, тақтақ, шақшақай, бозторғай, ақ қанат бозторғай, қырқылдақ торғай, пайыз, наурызек, түрл шымшықтар. Сұңқар – (сокол) қылдырық, нағыз алғыр қыран құс. Абаз – сұңқардың текті, алғыры. Бөктергі – (пустельга) бұл да сұңқар тұқымдас. Ителгі – (балобан( кішкене сары шұбар қыран құс. Пәрім – ителгі тобына жататын қыран құс. Қаршыға – тұнжыр және қара қаршыға. Қырғи – мырза, құл тұйғындар – қаршығаның бір түрлері. Қырандар тобы: лашын, сақалтай, тұрымтай, жағалтай, бидайық, қозықұмай, күшіген, сарбалақ, құладын, бұқатана. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
Всего комментариев: 0 | |