23:16 Рухани-танымдық сүрлеулер |
АҢ-ҚҰСТАРДЫҢ АТАЛЫҚТАРЫ мен АНАЛЫҚТАРЫНЫҢ және ОЛАРДЫҢ ТӨЛДЕРІНІҢ АТАУЫН БІЛГЕНІҢ ДЕ АРТЫҚ ЕМЕС Төлдерінің атаулары Арыстанның күшігі – абадан, теңбілше. Аюдың баласы – қонжық. Арқардың төлі, қозысы – қозықа, қоды. Барыс пен қабыланның күшігі – алан. Жолбарыстың күшігі – теңбілше, сарымақ, шөнжік, мәулен. Иттің күшігі – күшік, итақай. Үйіне жетпеген күшік – арсалаң. Кішкене шәуілдек ит – итаршы. Құланның төлі – қодық, көдек. Есек пен қашырдың төлі – қодық, тахай, күре, көдек. Тай есек – тайқар. Жас еркек есек – әздек. Жабайы есек – домбайдың қодығы – күрә. Маралдың, бұланның төлі – қодыға. Шошқаның төлі – торай. Бұғының төлі – бұғышақ, бұзау. Бұғының тайыншасы – пәйкел. Бұғының танасы – пәйке. Бұланның төлі – бұзау. Бұлғынның (соболь) төлі, кістің төлі – балакіс. Еліктің бұзауы – еңлік. Еліктің лағы – құралай. Ақбөкен – киіктің төлі – құралай. Бір жасқа дейінгі бұзау – баспақ, торпақ. Қасқырдың қарақұлақтанған күшігі – бөлтірік. Мықты, қайратты жас қасқыр – көксерек. Шүйебөрінің күшігі – күшік. Түлкінің күшігі – жаутаң, жәутік, мыршай, мыршық шираған кезіндегі атауы қарақұлақ. Борсықтың төлі – азборақ, бодық. Сілеусіннің күшігі – інсін. Құндыздың күшігі – құнай. Тюленнің күшігі – боздақ. Итбалықтың күшігі – ақкүшік, боздақ. Мысықтың баласы – мәулен, марғау, безек, соқыр деген де атауы бар. Қоянның баласы – көжек. Суырдың күшігі – мөндін. Жыланның баласы – жіптей. Аққудың балапаны – жүні жаңа жетілгені – ақүрпек, төрт жасқа дейінгісі – көгілдір. Қаздың, үйректің топшысы бекімеген балапандары – мамыр. Бүркіттің балапаны – ақүрпек. Тауықтың балапаны – шөже, шибі. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
Всего комментариев: 0 | |