19:16
Рухани-танымдық сүрлеулер

АҢ-ҚҰСТАРДЫҢ АТАЛЫҚТАРЫ мен АНАЛЫҚТАРЫНЫҢ және ОЛАРДЫҢ ТӨЛДЕРІНІҢ АТАУЫН БІЛГЕНІҢ ДЕ АРТЫҚ ЕМЕС

Аталықтардың атаулары

Бұланның бұқасы – қандағай.

Бөкеннің бұқасы – андағай.

Бұғының бұқасы – сұғын.

Бұғының танасы – пәйке.

Арыстанның еркегі – арлан, ызақор.

Мықтысы – абдан.

Қасқыр – бөрінің еркегі – арлан, бірішек, көкжал, көкұлан.

Шүйебөрінің еркегі – қабылан.

Қасқырдың көсемі, бастаушысы – абадан.

Аюдың еркегі – мақат, сіті, істі, мәнжу.

Жабайы түйенің атауы – қаптағай.

Құланның, есектің айғыры – әңгі.

Жабайы есек – домбай.

Құмай тазы – құбарлан.

Иттің еркегі – төбет, бәйтөбет, сырттан.

Арқардың қошқары – құлжа.

Жалпы киік тумасы – құралай.

Жабайы ешкінің еркегі – таутеке.

Ақбөкен – киіктің еркегі – теке.

Киіктің бір жасар текесі – қорықпас.

Киіктің кәрі текесі – құлтеке (қумүйіз).

Ешкінің екі жастан асқан еркегі – теке.

Доңыздың еркегі – қабан, теріс езу.

Борсықтың еркегі – борақ.

Мысықтың еркегі – күбік.

Бүркіттің еркегі – шәулі.

Үйректің еркегі – кежек.

Тауықтың еркегі – әтеш, қораз.

Аққудың, дуадақтың қоразы – саһар, саһау.

 

Аналықтардың атаулары:

Барыстың ұрғашысы – таутан.

Арыстанның ұрғашысы – қаншыр.

Аюдың ұрғашысы – кірекей.

Пілдің ұрғашысы – мауыр.

Бұғының ұрғашысы – марал.

Маралдың тайыншасы – пәйкел.

Еліктің ұрғашысы – сөге.

Есектің ұрғашысы – мәші, меде.

Қасқырдың қаншығы – өлекшін, құртқа, шұлан сияқты үш атаумен атала береді.

Шүйебөрінің ұрғашысы – қаншық.

Жолбарыстың ұрғашысы – өлекшін, таутан.

Қарақұйрықтың ұрғашысы – торапай.

Шошқаның ұрғашысы – көшіл, мегежін.

Түлкінің қаншығы – қанжыр.

Сілеусіннің ұрғашысы – ілбиін.

Ұрғашы мысық – мырсын.

Ит тұқымдас хайуандардың ұрғашылары – қаншық.

Тауешкінің шыбышы – жусақ.

Ақбөкен – киіктің ұрғашысы – ешкі.

Толықсыған құнажын – ақтамақ атанған.

Ұрғашы бүркіт – ұябасар.

Үйректің ұрғашысы – мекиен, бершін.

Тауықтың ұрғашысы – мекиен.

Жыланның ұрғашысы – мәлике.  

баспаға әзірлеген                                                  

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

Просмотров: 100 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: