07:13 Рухани-танымдық сүрлеулер |
ЖЫЛҚЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ мен ҚАСИЕТТЕРІ Жылқылардың тағы бір ерекшелігі – олар мысық, ит сияқты үй жануарларымен де иіскелей келіп, ерінін жыбырлата үйкелеп, тез тіл табысып, достасып кете алады. * * * Жылқы бағып, баптайтын, жалпы жылқыға жақын болған адамдардың қант диабеті ауруына шалдығуы өте сирек болатындығы ғылыми жолда дәлелденген. * * * Жылқының жанында көп жүрген адам өзіне-өзі сенімді, ішкі қорқыныш пен уайымнан арылады. * * * Жылқы бір айға дейін түрегеліп тұра береді. Оларға тәулігіне 4 сағаттық ұйқы жеткілікті болады. Таза ауада атпен серуендеу, аңға бару, атпен қыдырыстау адамның бұлшық еттерін ширатып, қан айналымын түзеп, дене тұлғасын тіктеп, көңіл-күйін көтеріп, денсаулығын нығайтады. * * * Үйірге қосылған айғырлар, құлындаған биені сыртқы жаулардан үнемі қорғаштап жүреді. Үйірін ит-құсқа бермейді. * * * Кейбір табындарда айғыр жоқ кезде, үйірді мама биелер де бастап жүре алады. * * * Жылқының жершілдігі сонша – буаз бие өрісін басқа жерге ауыстырып барып құлындағанның өзінде, одан туған құлын, биенің бұрынғы өрісін, жерін айыра алады екен. * * * Сергек күйлі жылқы құлағын қайшылап тұрады. * * * Жылқы тісі – денсаулығы мен жасын анықтайтын басты белгі. * * * Жылқының үстіңгі және астыңғы жақ сүйектерінде алтыдан күрек тістері болады. * * * Құлынның сүт тістері 6 айға дейін шығып бітіп, 2,5-5 жыл ішінде сүт тістері тұрақты тістермен алмасады. 6 жаста төменгі жақ сүйегіндегі ортаңғы екі күрек тістің ұштарындағы ойыс қажалып тегістеледі. 7 жаста – ортаңғы төрт тістің, 8 жаста – барлық алты тістің ойыстары тегіс жойылады. 9 жаста – жоғарғы жақ сүйегіндегі жұлқарлар, 10 жаста – ортадағы төрт тіс, 11 жаста – жоғарғы жақтағы барлық алты күрек тіс қажалып тегістеледі. 15 жаста күрек тістердің өткір ұшы – шеңбер, ал кәрі жылқыларда үшбұрыш пішінге еніп өзгереді. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
Всего комментариев: 0 | |