07:37
Рухани-танымдық сүрлеулер

ЖЫЛҚЫНЫҢ ЖАНДҮНИЕСІНЕ ҮҢІЛІП БІР КӨРШІ, ҚЫРЫ МЕН СЫРЫН БОЙЫҢА СІҢІРЕ БЕРШІ

Жылқының түр-түсіне сай берілген атаулары:

Қылаң (светло-серая, саврасая) – шаңқан боз және ақ боз жылқы.

Баран жылқы (вороной, темной) – құйрық-жалы, сирақтары қара, денесі мен басы шие түстес қызғылттау торы түсті жылқы.

Бұлардан басқа, ақбоз, алаша, ақбөрте, ақсұр, ақала, бөрте, кер, шауқар, күрең, ніл қаракөк, тарғыл, тарлан, теңбіл, теңбілкөк, тобылғы меңді торы, шамбыл, шұбар деген түстері бар.

Осы келтірілгендерден басқа жылқыларда қасқа, төбел, ақ танау, ақбақай, ақтабан сияқты тағы басқа денедегі түктерімен қоса шыққан ақ түкті, ашық түстілерінде қара, қоңырқай түкті белгілері болады. Мысалы, қасқа – жылқының маңдайынан танауы аралығына түскен ақ жолақты айтса, төбел деп – төбесінде орналасқан ақ түктері бар жылқыны айтады. Танауы ғана ақ болған жылқының атауы – ақтанау. Бақайындағы ақ түгіне қарап ақбақай, тұяғының ағына сай ақтабан атаған.

 

Жылқының жүріс түрлері:

Аяң – аттың қатты емес, баппен ақырын жүрісі.

Өгіз аяң – өте жай жүріс.

Сылбыр аяң – босаңсып, ілби басқан жүріс.

Сары аяң – бірқалыпты жедел жүріп отыру.

Ырғақ – шабандап жүру.

Қара жүріс – шаппай, желмей аяңдап отырып ұзақ жол жүру.

Бүлкіл – аяңнан тездеу болатын жүріс.

Құлан бүлкіл – екпіндете бүлкілге басып жүру.

Желіс – аяң не шабыс емес жеделдете, шоқырақтап жүру.

Бөкең желіс – орта екпінде бөкеңдеп шабу.

Сар желіс – ағынды те жедел күшті желіс.

Текек – желіс пен шабысаралық шапшаңдықтағы бірқалыпты емес, секектей жайсыздау желу.

Жортақ – аттың желістен бәсеңдеу екпіндей бүлкілдей жүруі.

Шоқыту – текіректеп желіп келіп, біраз шауып барып, ірку.

Текірек – аттың жайсыз шоқақтап желуі.

Қалмақ желіс – жортуылдап тынбай жүру.

Шабыс – аттың бауырын жаза, қос аяқтап, екпіндете желдей есіп шабуы.

Ағынды шабыс – көсіле, заулай шабу.

Майшоқырақ – жайлап қана шабу.

Жорға – төрт аяқты тең салып, тайпала ырғатылып, адамға жайлы келетін жылқы жүрісі.

Жол жорға – жүріске бара-бар адамға жайлы, митыңдаған жорға.

Үш аяқ жорға – жорғасынан жаңылып, текіректей желіп барып түзеп алатын жорға жүріс.

Су жорға – жаңылмайтын шапшаң жорғалау.

Тайпалған, төкпе жорға – екпіндей сәнімен, төгілтіп жорғалау.

Су төгілмес жорға – аяқ тастауы тең, жайлы жорға. 

баспаға әзірлеген                                                  

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 75 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: