20:15 Рухани-танымдық сүрлеулер |
ТӨРТ ТҮЛІКТІҢ ТҰҚЫМДЫҚ ЖҮЙЕСІНЕН ӨРБИТІН АТАУЛАРЫН БІЛІП, ЖАДЫҢА САҚТАҒАННАН ЕШ ҰТЫЛМАЙСЫҢ Түйе атаулары Қырысты (керісті) қоспақ – үлек пен мырзақоспақ буданы. Бұл да бақырады. Үлек бота – таза үлек пен аруанадан туған жалғыз өркешті еркек бота. Алаша – асылтұқымды түйе мен жабы – жабайы түйеден шыққан тұқым. Кезпар – үлек пен маядан туған будан. Кезнар – қоспақ інген мен үлектің ұрпағы, еркек. Қылағай – қоспақ пен айыр түйеден туған әлсіз, осал, нашар жетілген бақырауық түйе тұқымы. Жүні сирек, аяқтары жіңішке, басы кішкентай. Ақбақ – таза тұқымды үлек пен қалбағай інгенің буданы. Қалбағай – қылағай інген мен үлектің буданы. Бекбатша – бура мен аруанадан туған будан. Өркеші биік, бұйра қою, қалың жүні бар, сандары үлкен, аяқтары жуан, мойындары ұзын, басы астау тәрізді келеді. Қолбатша – үлек пен інгеннен туған будан. Жөнек – бекбатша не қолбатша бура мен аруана не жампоз інгеннің ұрпағы. Сандары жіңішке, іші үлкен, жүні ешкінің жүніне ұқсас, қабағы қалың, бақырауық. Жарбай – мая мен үлектің екінші ұрпағы. Жөң – мал мен үлек буданның екінші ұрпағы. Күрт – айыр түйе мен үлектен туған будан. Оқбақ – қоспақты қылағай нар мен қоспақты қылағай бурасынан туған тұқым. Оқпақ – дене бітімі қораш, аяқтары сорайған ұзын, жапырақ өркеш, сұйық жүнді қылағайдан тараған тұқым. Тайлақ – екі жасқа дейінгі төлдің атауы. Сүттайлақ – енесі қысыр қалған немесе енесі боталауға бірер ай қалғанға дейін еміп жүретін тайлақ. Кердері, кердары – біртума нармая мен жөң буданы. Нармаядан туса екінші, жөңнен туса, үшінші ұрпағы. Бүлдіршін – үш жасқа шығар қайымаған түйе. Құнанша – үш жасар ұрғашы түйе. Дөненше – төрт жасар ұрғашы түйе. Тығыршын – қайымаған дөнежін түйе. Буыршын – аруана мен үлектен туған төрт жасар жас бура. Нарша – буыршын жас нар. Сапалдырық – будандастырылған түйеден тараған үшінші және одан кейінгі ұрпақтары. Соқтан – төрт жасқа шығар пішпе түйе. Үлекше – төрт жастан асқан, жалғыз өркешті түйе. Інгенше – төрт-бес жас аралығындағы боталамаған айыр түйе. Қылқи – енесін жампоз мая, атасы – үлек, жалғыз өркеш буданның төртінші ұрпағы. Атан – төрттен асқан ақталған, ірі айыр түйе. Атанша – жаңа піштірілген жас түйе.тұмса – алғаш боталаған інген не мая. Жөңбай – жөңнің ақта етілмеген бурасы. Шау түйе – қартайып, күші қайтқан кәрі түйе. Желмая – шөлге төзімді, күшті, жалғыз өркешті, жүйрік түйе. Түйеде кездесетін түстер: ақ (атан), боз (інген), сары (тайлақ), қызыл (нар), қараша (қоспақ), қара (бура), қоңыр (мая). баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
Всего комментариев: 0 | |