18:44 Рухани-танымдық сүрлеулер |
ТӨРТ ТҮЛІКТІҢ ТҰҚЫМДЫҚ ЖҮЙЕСІНЕН ӨРБИТІН АТАУЛАРЫН БІЛІП, ЖАДЫҢА САҚТАҒАННАН ЕШ ҰТЫЛМАЙСЫҢ Жылқы атаулары Бедеу бие – құлындамайтын бие. Наз бедеу – әсем, сұлу жүрісті, құлындамаған көрікті жарау бие. Айғыр – үйірге түсер аталық жылқы. Сәурік – үйірге түсе қоймаған жас айғыр. Саяқ – өз алдына бөлек жүретін, піштірілген тай, құнан, дөнен, үйірден бөлініп алынған биелер мен үйірге әлі қосылмаған ұрғашы бойдақ жылқылар. Ат – ақталған, мініп, жегіп пайдаланатын жылқы. Қазанат – дене бітімі шымыр, мүсінді, құйма тұяқ, ұзақ жолға шыдамды мықты ат. Сәйгүлік – бәйгенің алдын бермейтін өте жүйрік жылқы. Сауран сойы – сәйгүліктің бір түрі. Дөрбіт – жұмыр, жуан денелі, аяқтары әлді, бойы зор, өзі күшті, құйрық-жалы қалың жылқы. Саңлақ, сайдауыл, сайдақ, сайдауыт – іріктелген таңдаулы, ұшқыр, жүйрік жылқы. Дүлдүл – қанаты бардай ерекше жүйрік, айтулы тұлпар, нағыз сәйгүлік, арғымақ. Тұлпар – қуса жететін, қашса құтылып кететін, аса төзімді, белді, асыл тұқымды асқан жүйрік, жүрісті ат. Мұндай жылқы сұлу мүсінді, жіңішке мойын, тұрқы ұзын болып келеді. Жет жетпес немесе оқ жетпес жылқы – ең жүйрік тұлпар. Арғымақ – асыл тұқымды дене бітімі келіскен сымбатты, сұлу, жүрдек жылқы. Пырақ –аңыздарда айтылатын, айшылық алыс жерлерге лезде жеткізетін қанатты тұлпар. Күйсіз күлік – жаратпай-ақ бәйгеде шапшаңдығымен озған жүйрік сәйгүлік. Алатаң – қыстан күйлі шыққан жылқы. Желқуық – ұшқыр, жүйрік ат. Құлтұғыр – ерғашты болған, шабан ат. Мәстек – тапал, тұрқы қысқа кішкене жылқы. Жабы – қазақ жылқысының байырғы тұқымы. Қарабайыр – арғымақ пен жабының буданы. Тумыш – арғымақ пен қазақы жабы жылқыдан туған будан ат. Суын – қолданыста жоқ, тек аңыздарда айтылатын су жылқысы. Бұрақ – аңыздағы аспанға ұшқан ат. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
Всего комментариев: 0 | |