09:16
Рухани-танымдық сүрлеулер

ТАБИҒАТ БЕРГЕН ДӘРУМЕН КЕМ БОЛМАС ЕШБІР ДӘРІДЕН

Қасиетті өсімдік – арша (можжевельник) калий мен магнийге өте бай. Бұл элементтер жұқарған жүйке жүйесін нығайтады, әлсіреген ағзаға қуат береді. Қандағы тұз бен май қосындыларын азайтуға ықпал етеді. Ойлау қабілетін арттырады. Оны ас қорыту жүйесін жақсартып, тыныс жолдарын тазалауға, бүйректі сауықтырып, жууға аршаның піскен дәнін ұнтақтап, қайнаған суға салып, бұқтырып ішеді. Ауырған адамды, үйді аршаның иісімен аластап, тазалайды. Етті, қымыз пісетін сабаны аршаның түтініне ыстайды. Құрғақ жөтелге аршаның түтіні бірден-бір ем саналады.

Қызыл мияның (солодка голая) тамыры дәрі. Ол көкбайырды күшейтіп, әлдендіреді. Өкпені дымқылдандырып, қақырық түсіріп, жөтелді басады. Демікпеге де пайдаланады.

Қарғакөз (вороний глаз) жүрек ауруларын емдеуге қолданады.

Қырмызыгүл (календула) бауыр, көкбауыр, асқазан мен ішек жараларын, рахит, тері ауруларын емдеуде керемет көмекші.

Жұпаргүл (душица) бронхиалды астманың асқынуын тежеп, суықтан қабынуда тер шығарып, пневмонияда қақырық түсіреді.

Бақытгүл (хризантема) де ем. Ұйқыға жатар алдында біреше күлтесін шайнап жатсаң, ұйқың қатты әрі тыныш болады. Қол қақсап, дірілдегенде бақытгүлден дайындаған қайнатпамен ванна қабылдаған, ал аяқ буындары қақсап, тізесі ауырғандар компресс жасаса болады. Гүл дестелерін бөтелкеге толтырып, арақ құйып екі аптадан соң ауырған жерге жағып массаж жасаса остеохондрозға көмегі тиеді.

Қыша (горчица) денсаулыққа пайдалы. Тұмауды емдеу үшін ұнтақ қышаны жүн шұлыққа салып, бірнеше күн киіп жүруі керек. Тыныс жолдарын емдеуде қыша қосылған жылы ванна қабыладаған жөн. Қыша майлы тағамдардың қорытылуына да көмектесе алады. Ішек жұмысын белсендіреді. Зат алмасуды жақсартады.

Күреңот (иван-чай) «верба богородицы» деп те аталады. Құрамында тез сіңіп, қуат арттырар табиғи ақуыз және С дәрумені мен минералдар бар. Күреңоттың тыныштандырып, түрлі күйзелістерден шығуға әсері жақсы. Ұйқыны жайландырады. Будан жасалған шай ауыз қуысының, қызыл иектің қабынуын бодырмауға септігін тигізіп, тісжегі мен қанжелді емдеуге көмегі зор. Сусыны дене қызуын басып, қалтырап-дірілдеуді тоқтатады. Тыныс жолдарына да пайдалы. Түрлі қақтар, токсиндер мен ауыр металдардың қоспасынан арылтуға үлкенмүмкіншілік жасайды. Қаназдыққа да пайдасы бар.

Түймедақ шай (ромашка) – аса қажетті триптофан аминқышқылы мол. Ұйықтар алдында ішсе, жайлы ұйықтатады. Күніне 3 шыныаяқ шай ішсе болады. Ас қорыту жүйесіне пайдалы.

Бөртегүл (сирень) – буын қақсағанға ем. Бүйректе құм мен тұз жиналуын болдырмайды. Іш өткенде гүлін шай етіп ішсе, көмегі тиеді. Гүлінің хош иісі үйге жаман қуатты жолатпай, жағымсыз қуатты жояды.

Қызғылт семізот – алтын тамыр (радиола розовая) – адамның жұмыс қабілетін арттыруға, жүрек-бауыр жүйесін жақсартып, қан қысымын реттуге ықпал етеді.

Қояншп (спаржа( юасқаша аты ақтық – құрамында фолий қышқылы (В9 дәрумені) жеткілікті. Бұл дәрумен қанды көбейтіп, күйзеліспен күресуге көмектеседі. Қояншөп бауыр мен бүйрекке дауа.

Стевия шөбі (медовая трава) мың да бір дертке дауа. Фитошай ретінде сатылатын бұл шөпті екі ай бойы ішкен адам дәрісіз ақ сауығады. Дәмі тәтті, ара балындай. Ол асқазан жұмысын жақсартып, ағзаға түскен дәрумендерді реттей алады. Қан қысымын, бауыр мен бүйрек жұмысын жақсартады. Иммунитетті көтереді. Үзбей ішсе екінші апта ішектердің, үшінші аптада өт пен бауырдың жұмысын жақсартады. Қандағы, ағзадағы арық тұз, құм сияқты жиылғандарды табиғи жолмен ерітеді. Тері түрі жақсарып, ұйқы мен тәбет реттеледі. Бауырда жиналған қалдықтарды сыртқа айдайды. Сусын орнына ішіп жүрсе, аурудан аман болады.    

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 120 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: