18:52
Рухани-танымдық сүрлеулер

ТАБИҒАТ БЕРГЕН ДӘРУМЕН КЕМ БОЛМАС ЕШБІР ДӘРІДЕН

  Қымызда А, С, В1 дәрумендері мен кальций, магний, фосфор, мыс мол. А дәрумені жасушаның жаңаруын қамтамасыз етсе, С иммунитетті нығайтады. Қымыздағы көмірқышқыл газы асқазан мен ұйқы безінің сөл бөлуін, бауырдан өттің өнуін, ас қортытылуын жақсартып, тәбетті ашып, зат алмасуды күшейтеді. Оны ас қорыту жүйесі ауруларына, қаназдыққа, асқазан жарасы мен атеросклероз ауруларына пайдалануға болады.

Ешкі сүтінің керемет емдік қасиеті бар. Оның сапасы сиыр сүтінен анағұрлым жоғары. Нәруыздары аса сапалы, дәрумендерге бай. Ауыр науқастардан кейін ағзаға күш береді.

Кефир әлсіздікті жоюға пайдалы, ағзаны нығайтып, күш береді.

Сары майдың қорытылуы жеңіл, адамға қуат береді. Құрамында майлы қышқылдар, ақуыз, көмірсу, А, Д, Е, РР және В тобындағы дәрумендер, темір, кальций, калий, магний, фосфор, натрий, мыс, марганец, мырыш бар. Мұндағы дәрумен: Е – тырнақтың, терінің, шашатың саулығын сақтаса, А – көз қабілетін жақсартып, шырышты қабақты зақымнан сақтайды. Д дәрумені тіс пен сүйекті нығайтады.

Қазақтың құрты – өте құнарлы тағам. Оның құрамында А, В, С дәрумендері, мыс, мырыш, күміс, темір, кремний, магний, алюминий микроэлементтерімен қатар кальцийдің қайнар көзі. Ақуызға да бай.

Ірімшіктің қатты сорттары кальций мен фосфорға бай. Олар тіс эмалін қатайтуға әсер етеді және қышқыл деңгейін реттеп, микробтардан қорғайды.

Жылқы етінің майы жеңіл еритіндіктен ағзада жақсы игеріледі. Ет құрамы – 75,3 пайыз су, 21,7 – нәруыз, 2,5 – май және 0,5 пайыз көмірсутегіден тұрады. Жылқы етінде минералды заттардың, темірдің молдығы, А1, В1, В12 дәрумендеріне бай екені белгілі болды. Оның жүрегі ми жасушаларын жақсартып, есте сақтау қабілетін арттыратыны, жүрек талмасына душар етер холестеринді кемітетін, сүйек пен буынды бекітетіні анықталған.

Жылқы еті мен бие сүтінде сиыр мен қой етінде және сүтінде кезедсетін ағзаға қауіпті трансмай қышқылы кездеспейді. Май қышқылы жылқы табиғатына жат. Тағы бір ерекшелігі: өзге малдарға қарағанда жылқының майы да, белогі де өзгеше нәзік. Жылқының қадір-қасиеті өте жоғары. Егер сиыр сүтін қайнатпаса айран да, ірімшік те, құрт та жасай алмайсың. Ал бие сүті қайнатылмайды. Көп сақталған сиыр сүті денсаулыққа зиян. Онда трансмай қышқылы өте көп. Ал бие сүтіндегідей дәрумендер тобы ешбір малдың сүтінде жоқ. Мұндағы кездесетін дәрумендердің бірі адамның ой-өрісін жақсартады. Бие сүтінің кереметтігі құрамында қант жоқ. Диабеттен қауіпсіз.

Жылқы майының құрамы Е және В тобындағы дәрумендерге бай. Ол қан айналымын жақсартып, қаназдықтан арылтады. Бұдан бөлек натрий, калий, темір, фосфор және мыс элементтері мен аминқышқылы және тиамин бар. Жылқы майының бауыр мен өт қабының жұмысына ықпалы жоғары. Аллергиялық ауру тудырмайды.

Түйе етінде қой мен сиырға қарағанда май көбірек. Ет құрамы – 75-80 пайыз су, 18-21 пайыз нәруыз және 1-2 пайыз май бар. Одан басқа калий, кальций, магний, фосфор, темір сияқты дәрумендер бар.

Балық еті майды азайтып, қан қысымын реттейтін, диабеттің алдын алатын және бас аурулары мен артрит кезіндегі ауырсынуды басатын, құнды элементтерге бай. Аптасына 100-200 грамм балық етін жеу жүрек ауруларына ұшырамауға жәрдемдеседі. Ет құрамындағы амин қышқылдары жүректің жұмыс істеу қабілетін арттырып, ырғақтығын сақтайды. Есте болар бір жағдай: гипертония, атеросклероз, бүйрек пен несеп жолының ауруларында балықтың семіз сорттарын және сүрленген, тұздалғандарын жеуге болмайды.

Балық майының құрамы омега-3 майлы қышқылына өте бай. Е, А және д дәрумендерінің қайнар көзі. Балық майы күйзелістен арылтып, ағзаны әлдендіреді, қан қысымын реттеп, тырнақ, тері және шаштың саулығын арттырады. Иммунитетті көтеріп, инфекциялық аурулармен күресуге күш береді. Көз көруіне жақсы. Сәбилерді рахит ауруынан қорғауға, қаны азайып жүдегенде септігі зор.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 149 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: